ІІІ Nobel Fest алаңында Шымкенттің дамуы айтылды

0
426

Пікір алаңының екінші күнінде Мұрат Әйтенов қаламыздың болашағы туралы хабарлама жасады.


ІІІ Nobel Fest алаңында Шымкенттің дамуы айтылды

Бүгін ІІІ Nobel Fest алаңшасы онлайн форматта жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дүниежүзілік бейбітшілік пен даму жолындағы ғылым күні (World Science Day for Peace and Development) қарсаңында бастау алған бұл алаңшада Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері бас қосып отыр.

Халықаралық Инклюзивті даму қоры, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Халықаралық G-Global Хатшылығы Өзбекстан Республикасының Ziyo Forum ғылым мен білімді дамыту халықаралық қоры және Әзербайжан Республикасы Білім министрлігінің «САБАХ групп» ұйымымен бірлесе 2021 жылғы 26-29 қазан аралығында өткізіп жатқан ІІІ Nobel Fest алаңшасы Орталық Азия және Кавказ елдерінің ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға арналған.
ІІІ Nobel Fest қатысушылары төрт негізгі бағыт бойынша пікір алмасады: жасыл экономика, инновация ғасыры, жаңа дәуір сұранысы, азаматтарға арналған экономика.
Пікір алаң аясында 25 ауқымды іс-шара өтеді. Оның ішінде Нобель сыйлығы лауреаттарының лекциялары өтіп, олармен еркін пікір алмасу жүреді. ІІІ Nobel Fest пікір алмасу алаңы әлем елдері бойынша 40 мыңнан астам адамды біріктірмек. Оның тұрақты қатысушылары арасында Нобель сыйлығының 4 лауреаты, ғылым саласындағы Оскар сыйлығының 2 лауреаты, әлемдік деңгейдегі танымал бірқатар сарапшылар бар.
ІІІ Nobel Fest платформасында Google компаниясының коммерциялық директоры Мо Гавдат, кітаптары әлемнің 60 тілдеріне, 27,5 млн. данамен тараған әлемдік деңгейдегі тарихшы Юваль Ной Харари, apple Siri құрылтайшысы, Renault Group тобының бас инженері Люк Джулия, табиғаттың ықпалды қорғаушысы, БҰҰ Бейбітшілік Елшісі Джейн Гудолл, Бейбітішілік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Пол Роберт Милгром, тағы басқа әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалар сөз алады.
Пікір алаңының екінші күнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаламыздың болашағы туралы хабарлама жасап, Шымкенттің дамуы жөнінде өз пікірін білдіреді.