Биыл Шымкентте 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады

0
790

Қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады.


Биыл Шымкентте 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады

Биыл Шымкент қаласындағы қажетті аймақтарға 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы нақты жол саласына қатысты 8 бағытта жұмыс атқарады. Соның бірі - қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай, жол белгілері, жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызылады.

Салаға жауапты мамандар күнделікті қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізеді.
Биыл қала аумағындағы шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) қажетті аймақтарға 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады.
Жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы жоғары емхана, мектеп, балабақша секілді мекемелердің аумағына орнатылады. Сондай-ақ, 2023 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылып, 3500 жол белгілері орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл Еңбекші ауданындағы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды. Бүгінде жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді. Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.