Биыл Шымкентте 352 шақырым жолға жөндеу жүргізіледі

0
659

Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі.


Биыл Шымкентте 352 шақырым жолға жөндеу жүргізіледі

Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді.

Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары). 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, Қайтпас, Тассай "Алемтрансжол" шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде.

Биыл ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылының 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысы және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, Шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған нысандар 2023 жылға өтпелі.

Қайта құру жұмыстарынан ағымдағы жылы А-2 II кезеңді аяқтау жоспарланған, 4 нысан 2023 жылға өтпелі. Күрделі жөндеу бойынша биыл 3 нысанды аяқтау жоспарлануда.

2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жөндеу жұмыстар аяқталды. Қалған 72 нысанды тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде магистральды 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, көшесі, Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев ) бар.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 2300 жол белгісі орнатылған. 2022 жылға 400 шақырым жол таңбасын сызу жоспарланған, бүгінгі күні шамамен 300 шақырым жол таңбалары сызылған.