"Бақытты қалаға саяхат" конкурсын жеңген француз азаматы наурызда Шымкентке келеді

0
646

Ол Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына келіп, өңірдің мәдениетімен және тарихымен танысуға ниеттеніп отыр.


Францияның Париж қаласында өткен роуд-шоуда “Бақытты қалаға саяхат” конкурсын жеңген француз азаматы Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына саяхаттап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нельсон Родригес Қазақстан жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы аталған конкурстың жеңімпазы атанды. Ол Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына келіп, өңірдің мәдениетімен және тарихымен танысуға ниеттеніп отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаланың туристік мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Париж қаласында роуд-шоу ұйымдастырған болатын. Роуд-шоу - аймақтың турбизнес өкілдерін қаламыздың туристік мүмкіндіктерімен, гастрономиясымен, мерекелік іс-шараларымен, бағдарламаларымен таныстыруға мүмкіндік береді.