«AQYL» білім беру депозитін ашу арқылы мемлекеттік сыйақы ала аласыз

0
631

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ бас маманы мәлімдеді.


«AQYL» білім беру депозитін ашу арқылы мемлекеттік сыйақы ала аласыз

Балаңыздың болашағы үшін «AQYL» білім беру депозитін ашу арқылы мемлекеттік сыйақы ала аласыз, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ бас маманы Арманай Мирасқызы брифинг барысында айтты.

«AQYL» депозитінің артықшылықтары:
- Сыйақыдан басқа банктен жинақталған соманың 7% - на дейін мемлекеттік сыйақы есептеледі;
- Салым мемлекеттің немесе үшінші тұлғалардың тарапынан өндіріп алудың кез келген түрінен қорғалған;
- Сіз депозитті толтырудың мөлшері мен жүйелілігін өзіңіз анықтайсыз;
- Жас шектеулері жоқ;
4 серіктес банкпен жұмыс жасайды:
Халық банк – 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7111);
Jysan Bank – 8.3 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7711);
ВТБ банк - 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:5050);
Nurbank - 8.8 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:2552);
Депозитті ашу үшін не қажет?
Жоғарыда көрсетілген банктердің біріне келесі құжаттар тізбесімен жүгіну:
- Жеке куәлік;
- Туу туралы куәлік;
- Кемінде 3 АЕК бастапқы жарна.