Ұшақпен саяхаттайтын адамдар үшін ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер

0
4 928

Мұны білген өміріңізге де пайдалы болады.


Ұшақпен саяхаттайтын адамдар үшін ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Саяхаттау – қызықты дүние. Жаңа нәрселерді көреміз, тәжірибе толығып, жаңа ортамен танысамыз. Сондай-ақ, саяхат неғұрлым жайлы болса, сапардан соғұрлым көп ләззат алуға болады және аяқталғаннан кейін де жақсы көңіл-күй ұзаққа созылады.

Ал, ұшуды ұзақ күту, әуежайда тіркелу процедураларының ұзаққа созылуы сынды кедергілер туристің көңіл-күйін бұзып, тіпті саяхаттың әсерін нашарлатуы да мүмкін. Сонда әуе саяхатын қалай ыңғайлы етуге болады? Осы орайда біз сізге әуе сапарыңызды бұрынғыдан әлдеқайда жағымды етуге көмектесетін қарапайым, бірақ тиімді кеңестер ұсынып отырмыз.


Ұшу үшін ең қолайлы уақыт

Көптеген адамдар діттеген жерге таң атпай тұрып жетіп, күні бойы серуендеу үшін кешке ұшу дұрыс деп есептейді. Бірақ, кей сарапшылар бұл ұсынысты теріске шығарады. Өйткені, біріншіден таңертеңге белгіленген әуе рейсінің кешігу ықтималдығы кешке қарағанда сәл де болса төмен болады. Екіншіден, таңертең турбуленттілік аз болады, яғни бұл аэрофобтар үшін ұшуды ыңғайлы етеді. Сондықтан, ұшақ рейсінің уақыты жайлы тағы бір ойланып көрген абзал.


Ұшақтағы арнайы мәзір

Ұшақ бортында отырып дәмді тағам жегіңіз келе ме? Онда әдеттегі емес, арнайы мәзірдегі тағамдарды таңдап көріңіз. Себебі, бұл тағамдар әдеттегі борттық тағамдарға қарағанда әлдеқайда дәмді болады.


Борттағы сусындарды таңдаңыз

Дәрігерлер ұшу кезінде алкогольдік сусындардың, күшті кофе мен шайдың зиянынды болатынын айтады. Сондай-ақ, зерттеулерге сәйкес, ұшақтарда жолаушыларға ыстық сусындар жасау үшін судың көптеген сынақтары қолданылады екен. Ал, олардың құрамында патогендік бактериялар, алтын стафилококк, E.coli және басқа да жағымсыз қоспалар боладтын көрінеді. Сондықтан, тәуекелге бармай, өзіңізге таныс өндірушінің температуралық өңдеуден өткен өнімдеріне артықшылық берген дұрыс. Яғни, бөтелкедегі су, сусындар мен шырындар әсіресе кішкентай жолаушылар үшін әлдеқайда қауіпсіз.



Ұшақтағы ең лас жер

Енді ұшақ салонындағы ең лас, сәйкесінше денсаулыққа қауіпті жерлер туралы айтайық. Жолаушылардың барлығы орындықтың артқы жағында орналасқан қалталар мен жиналмалы үстелдерді пайдаланатындықтан, дәл осы жерлер ең лас орындар болып саналады. Өйткені, ұшу кезінде жолаушылардың көпшілігі әртүрлі қоқыстарды сол қалталарға салады, сонымен қатар, олардың түбінде үнемі шаң, үгінділер мен ұсақ қоқыстар жиналады. Ал, жиналмалы сөре соншалықты көпфункциялы жабдық. Тіпті, кейде кішкентай балалары бар жолаушылар оларды үстел ретінде жиі қолданады. Сондықтан ұшаққа өзіңізбен бірге дымқыл, бактерияға қарсы майлықтарды алып мінген абзал.


Әуе жолаушыларына арналған пайдалы кеңестер:

Автоматтандыруды таңдаңыз. Global Entry автоматтандырылған өзіне—өзі қызмет көрсету дүңгіршектері ұшу алдындағы жедел тексеруден өтуге және көп уақытты үнемдеуге көмектеседі. Яғни сізге кезекке тұрудың, уақытыңыз бен жүйкеңізді ысырап етудің қажеті болмайды.

Акцияларды «ұстаңыз». Авиакомпаниялардың акцияларына қызығушылық танытыңыз, жеңілдіктері бар рейстерді таңдаңыз, сонда сіз ақша үнемдей аласыз. Бұл өте оңай. Компания жаңалықтарын қарап жүрсеңіз болғаны.

Фото-дерек жасаңыз. Егер сіз көлікті әуежай тұрағына қойып кетсеңіз, тұрақ нөмірін немесе сол жердегі көзге ерекше көрінетін затты суретке түсіріңіз. Тиісінше, демалыстан оралғаннан кейін көлікті іздеуге аз уақыт жұмсайсыз.

Егер сіздің жүгіңіздің салмағы шектік межеден асып кетсе, сөмкедегі ең үлкен және ең ауыр киімдерді шығарып, киюге болады. Әрине, бұл әдіс жайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ артық ақша төлемейсіз.

Баладан үзіліс жасаңыз. Егер, баламен саяхаттайтын болсаңыз, әуежайлардың көпшілігінде балалары бар отбасылар үшін арнайы демалыс орындары бар екенін ескеріңіз. Онда ата-аналар аздап демалып, тамақ ішіп, балалар ойын бөлмесінде жүргенде өздерін ретке келтіре алады.

Сапарыңыз сәтті болсын!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Алматыдағы ЕҢ МЫҚТЫ 10 демалыс аймағы


ЕШҚАШАН ҰЙЫҚТАМАЙТЫН ҚАЛА: Мумбайға барып, не көруге болады?