Ұшақпен мұндай заттарды тасымалдауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

0
6 458

Тыйым салынған затты әуежайға тастап кетуге тура келеді.


Ұшақпен мұндай заттарды тасымалдауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ұшақ – ең танымал транспорт түрі. Сол себепті күн сайын әлем бойынша миллиондаған адамдар ары-бері ұшып жүреді. Осы орайда ұшаққа отыратын адам ұшаққа қатысты ережелерді білуі қажет. Әсіресе, «ұшақпен нені тасымалдауға болады, нені тасымалдауға болмайды?» деген сұрақтың жауабын білгені дұрыс. Әйтпесе, үйден алып шыққан затыңызды әуежайға тастап кетуге тура келеді.


Ұшақпен нені тасымалдауға болмайды?

Жалпы, барлық авиакомпаниялар жолаушылардың алып жүруге рұқсат етілетін жол жүгіне қатаң тыйым салған. Сондай-ақ, тыйым салынған заттардың тізімін қысқа әрі қарапайым етіп жасап қойған. Ұшақпен тасымалдауға болмайтын заттардың тізімі сіз ұшатын елге және авиакомпанияға байланысты әр түрлі болуы да мүмкін. Алайда, ешқашан өзгермейтін ережелер бар. Бұл тізімдегі заттарды ешқашан ұшақпен тасымалдамайды:

  • жарылуы мүмкін кез келген зат;
  • улы заттар;
  • оңай тұтанатын қасиеті бар сұйықтықтар;
  • радиоактивті элементтер мен материалдар.


Кейбір авиакомпаниялар мүліктің бүлінуі немесе жоғалуына байланысты дау-дамайды болдырмау үшін ұшаққа түрлі нәзік бұйымдарды, маңызды құжаттарды, қомақты қаржыны, зергерлік бұйымдар мен қымбат металдарды салуға тыйым салады. Сонымен қатар, барлық авиакомпаниялар ұшақта электронды темекі тартуға тыйым салады. Сіз оларды өзіңізбен бірге алып жүре аласыз, бірақ ешқандай жағдайда оларды бортта қолдануға болмайды. Өйткені, мұндай темекінің батареясында литий болады. Ал, оларды тасымалдауға тыйым салынған.

Сондай-ақ, алкогольді заттарды жүк бөліміне сала аласыз. Бірақ, оның рұқсат етілген көлемі әуежай орналасқан елдің ережелеріне байланысты анықталады. Мысалы, Италиядан 5 литр шарап, Ресейден 3 литр ішімдікті ақысыз шығара аласыз. Ал, одан артық болса, қосымша ақы төлеуге тура келеді. Дегенмен, алкогольді ішімдіктің күштілігі 70 пайыздан аспауы қажет.


Одан бөлек, елден кетер алдында сөмкеңізде қандай да бір мәдени немесе табиғи құндылықтардың жоқ екеніне көз жеткізуді ұмытпаңыз. Мысалы, Мысырдан, маржан мен оның қабықтарын алып кетуге тыйым салынған. Мұндай ережелер әр елде бар.



Ұшақтың багажымен не тасымалдауға болады?


Біз ұшақпен тасымалдауға тыйым салынатын заттарды қарастырдық. Енді ұшақта багажымен не тасымалдауға болатынын айтайық.


Сіз кез-келген нәресте заттарын тасымалдай аласыз. Мейлі ол арба немесе көлік орындығы болсын. Сондай-ақ, тұрмыстық техниканы тасымалдауға рұқсат етіледі. Қажет болса, мультиварка, шәйнек, блендер, фен, шашқа арналған үтік немесе бұйралағышты чемоданмен алып жүруге рұқсат етіледі.


Сонымен қатар, мұз жарғыш, қылыш, ара, балта сынды өткір заттарды тасымалдауға рұқсат етіледі. Қайшы немесе ұстара сияқты тұрмыстық өткір заттарды да жүк бөліміне оңай өткізе аласыз.

Демалысқа қажетті қармақ, серфингке арналған тақтайлар, шаңғы немесе скейтборд салып алуға да болады. Бірақ, электрлі самокаттар мен сигвейлерді тастап кете салған дұрыс. Себебі, ондай құрылғылар литий батареялармен жабдықталады.


Ереже бойынша бір адам өзіне жеткілікті дәрі-дәрмектер мен сынап термометрлерін тасымалдай алады. Егер сізге дәрі-дәрмектерді сағат бойынша қабылдау қажет болса немесе ұшу кезінде қажет болуы мүмкін болса, оларды жаныңызға алып жүрген абзал.

Әрқашан өзіңіз қызметін қолданатын авиакомпанияның жүк тасымалдауға қатысты ережелерімен танысып алыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТМД елдеріне саяхат: Бұл тізімде Қазақстан бірінші орында тұр

Бұл елдердің туристік әлеуеті ДҰРЫС БАҒАЛАНБАЙ ЖҮР. Әйтпесе...