Осы НӘРСЕні істесең – мәселеңнің бәрі өздігінен ШЕШІЛЕДІ

0
3 251

Короновирустан қорғану үшін адамның психологиялық иммунитеті де жоғары болуы керек. Өйткені тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысты.


Осы НӘРСЕні істесең – мәселеңнің бәрі өздігінен ШЕШІЛЕДІ

Психологтар адам басына қандай күн туса да ол өзін-өзі жақсы көруді тоқтатпауы керек деп кеңес береді. Неге?

Өйткені бұл психологиялық иммунитеттің әлсіреуіне жол бермейтін бірден-бір әдіс. Тағы бір қызығы...

Сіз қаншалықты өзіңізді жақсы көресіз – өміріңіздегі бақыт пен табыс, денсаулық, сәттілік те соған байланысты екен. Демек, денсаулықты нығайтып, табысты арттыру үшін психологиялық иммунитетті күшейту керек. Қалай?

Өзіңізді жақсы көруді дамытыңыз. Жақсы-жаман мінездеріңізді, мүсініңізді кемшіліктерімен, өткен өміріңізді қателіктерімен бірге сол күйінде жақсы көріңіз. Өмірдегі, ағзадағы оң өзгерістер осыдан соң басталады. Том-том психологиялық кітаптардың тобықтай түйіні, негізгі айтары да – осы ғана.



ӨЗІҢДІ ЖАҚСЫ КӨРУ ДЕГЕН НЕ?

Танымал журналист, «Қазақстан» ҰТА-ның «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекованың «Әйел» атты кітабында мынандай мысал келтірген:

«Бір әйел базардан үзіліп піскен шабдалыны көріп, қызығып, бір жәшігін сатып алады. Үйіне әкеліп, бұзылайын деп тұрған біреуіне көзі түседі. Өзгелері де шіріп кетпесін деп, ең алдымен соны жейді. Келесі күні жұмыстан келсе, тағы біреуінің босағанын байқайды. Бір жәшік таза, қызарып піскен шабдалы тұрса да, босаған шабдалыны таңдайды.

Осылайша әр күн бұзылған, шіриін деп қалған жемісті жей береді. Өйткені ол өзіне ең жақсысын, ең дәмдісін, ең балғынын қимайды. Соңында қызығып сатып алған бір жәшік шабдалының қалай таусылғанын аңғармай да қалады. Ол шабдалының дәмін де сезбеді».


Бұл мысалда өзін жақсы көрмейтін әйелдің әрекеті көрсетілген. Жақсы көру өзіңнің қалауыңдағы бұйымды, затты сатып алу ғана емес.

Өзіңнің уақытыңды бағалау да – өзін жақсы көруге жатады. Мұндай адамдар өзгелердің теріс пікіріне ашуланып, пайдасы жоқ нәрселерге уақытын шығындамайды. Өйткені өзінікі дұрыс екенін, өзінің жақсы екеніне сенеді.

Өзін жақсы көретін адам ешқашан «Аяғым қисық» немесе «түу, бойым ұзын болғанда ғой» демейді. Бұндай сөздерде адамның аяғын, бойын жақсы көрмейтін сезімі жатқаны байқалады.

«Жоқ, мен өзімді, тәнімді жақсы көремін» дейтін шығарсыз, бірақ кейде өзіңіздің «көкірегім сәл үлкендеу болғанда ғой, шіркін!» дегеніңізді байқасаңыз да онда сізге жақсы көруді дамыту қажет. Сізде жақсы көру деңгейі төмен.

Жақсы көруді дамыту үшін ең бірінші өзін жазғыруды доғарып, өз таңдауларын өзі мақұлдауды үйрену қажет. Ол үшін өзін-өзі қабылдау керек. Адам өзінің тәнін ауруларымен, кемшіліктерімен бірге, тағдырын қиындықтарымен, бәрі-бәрін дәл осы қалпында қабылдағанда ризашылық сезімі пайда болады. Бұл сезім өзін-өзі жақсы көруге әкеледі.



ӨЗГЕРІС ОСЫДАН СОҢ БАСТАЛАДЫ


Миллиондаған адамның өмірін өзгерте білген әлемге белгілі психотерапевт Луиза Хей «Маған адамдар кеңес алуға келген кезде, олардың проблемасының шығу негізіне басым ауырмайды, бұл денсаулықтың нашарлығы ма, ақшаның жетімсіздігі ме, қарым-қатынастың нашарлығы немесе дамымаған талант па – мен бірден тек қана бір нəрсемен, яғни өз-өзіңді жақсы көруді қалай дамыту керектігімен жұмыс жасай бастаймын. Өйткені біз өзімізді толық, жан-тәнімізбен жақсы көрген кезде, денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз», - дейді өз кітаптарында.


Қалай? Сене алмай отырсыз ба? Иммундық жүйенің ағзадағы дертпен қалай күресетінін, он екі мүшенің әр жасушасын қалай қорғайтынын көзге елестете алмаймыз, бірақ жоғары иммунитет кез келген ауруды жеңіп, вирусты жойып жібере алатынын білеміз.

Психологиялық иммунитет те дәл солай. Ол адам өмірін қалай гүлдендіріп, қалай өзгертетінін, оның жұмыс істеу схемасын түсіндіру қиын, бірақ ол расында да бақытсыздық, қаржылық, денсаулық мәселелерінің өздігінен шеше алады. Ол үшін психологиялық иммунитетті күшейту керек. Ал өзіңді жақсы көру мен қабылдау – психологиялық иммунитетті арттырады.


Барлық мәселе осы психологиялық иммунитет өте жоғары деңгейге жеткенде өздігінен шешіледі.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТҮБІРТЕКТІ қоқысқа тастамаңыз, ӨРТЕҢІЗ! Неге?


ГҮЛ арқылы да ӘЙЕЛді тануға болады (тест)