Кез келген МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕТІН 10 сұрақ

0
2 214

Қиын мәселеге тап болғанда осы сұрақтарды қойыңыз.


Кез келген МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕТІН 10 сұрақ

фото: ашық дереккөздерден алынды

Сұрақ қойылмаса, жауап алынбайды. Бұл белгілі логика. Сондай-ақ «қажетті жауап алу үшін дұрыс сұрақ қоя білу керек» дейді психологтар. Әсіресе, өзіңізге өзіңіз сұрақ қоя білу маңызды.

Бұны бизнесмендердің, ғалымдардың, философтардың, тренерлердің және психологтардың әдеті десек те болады. Соның арқасында олар жаңалық ашады, жетістікке жетеді. Мысалы, суға жүзу бойынша тренер Дэн Ланж әр күні оқушыларынан көңіл күйін сұрайды екен. «Жақсы» деген жауап қабылданбайды. Жауап физикалық және эмоциональды күйді қамтуы қажет. Және шынайы жауап болуы керек. Тренер осыған қарай әр оқушымен жеке жұмыс істейді. Нәтижесінде Дэн Ланждың оқушылары жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болады. Сұрақ қоюдың нәтижесі туралы бұндай мысал көп.

Көп адамды жетістікке жеткізген дағдыны сіз мәселелеріңізді шешу үшін қолданып көріңіз. Ол үшін кемінде он сұрақ қойып, оған нақты әрі шынайы жауап беріп үйреніңіз. Мысал ретінде он сұрақ келтірейік:

1. Менің мәселем неде?

2. Дәл қазір ол маған қалай әсер етіп жатыр?

3. Мәселемнің тууына қандай жағдай себеп болды? (ішкі және сыртқы факторлар)

4. Қашан, қай жерде басталды?

5. Уақыт өткен сайын мәселем қалай өзгереді?

6. Бұл мәселе маған не үшін берілді?

7. Өміріме әсері қандай?

8. Мәселемді шешу үшін не істеуім керек?

9. Шығар жол қайсы?

10. Мәселеден құтылуды қай қадамнан, неден бастағаным дұрыс?


Мәселеңізге қарай өзіңізге осындай (немесе осыған ұқсас) 10 сұрақ қойып, ойланып жауап беріңіз. Жауаптарыңыз мәселені саралауға, сараптауға жәрдемдеседі. Тіпті жауабыңыздағы жеке сөздер де мәселеден шығар жолды көрсетуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде сұрақтарыңызды да, жауаптарыңызды да қағазға жазу керек.

Күнде кішігірім әйтеуір бір мәселе туындап жататыны белгілі. Әр мәселенің шешімін осындай «10 сұрақ-10 жауап» әдісімен іздеп көруді дағдыға айналдырыңыз. Бұл мәселеден жылдам шығуға көмектеседі және ойлау қабілетіңізді өзгертеді.


«10 сұрақ - 10 жауап» тәсілімен мәселеңіздің себебін, тіпті шешуін анықтағаныңызбен, әрекетке көшу қиындық тудырып жатса, қарым-қатынастың мына 4 моделінің бірін орындаңыз.

1. Өзіңізді өзгертіңіз (ұстаным, көзқарас, әдет);

2. Жағдайды өзгертіңіз;

3. Жағдайдан шығыңыз;

4. Жағдайға қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз.

Осы 4 нұсқаның қайсысын дәл қазір орындай аласыз, содан бастаңыз. Немесе әр модель бойынша кішкентай-кішкентай қадам жасаңыз. Кішкентай қадамның өзі мәселенің шешілуін процеске қосады. Бұл кез келген мәселенің шешімі бар екеніне көзіңізді жеткізіп, қиындықты жеңе алатыныңызға сенімділік, күш-қуат береді.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Энергетика блоктарын шешудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі

«Ментальды таңғы асты» ішуді ешқашан ұмытпаңыз!