Жас әншілермен Tik-Tok түсірген Роза Рымбаева желіні жарды (видео)

0
3 235

"Несі бар, келіңдер бәріміз бірге түсірейік дегенде, қуанып кеттік" - дейді әнші Маржан Арапбаева.


Жас әншілермен Tik-Tok түсірген Роза Рымбаева желіні жарды (видео)

Ел мақтанышы Роза Рымбаева жас әншілермен Tik-Tok желісінде видео түсіріп, би билеген. Мұны әлеуметтік желіге алғашқылардың бірі болып Маржан Арапбаева жариялады. Ол да өзінің жазбасында Роза Қуанышқызымен бірге түсуді күтпегенін айтып кеткен.

Маржан Арапбаева: "Роза Қуанышқызымен бірге тик-ток түсіреміз деп,кім ойлапты?

Несі бар, келіңдер бәріміз бірге түсірейік дегенде, қуанып кеттік.
Олай болса, заманға сай, жастар жақсы көретін, тик токтан қабыл алыңыздар, с самой великой Розой Рымбаевой".



Бұл видеоны көрген желі оқырмандары таң қалыстарын жасырмай, жағымды пікірлерін көптеп жазған. Олар "Ренжімеңіздер, бірақ Роза Рымбева бәрінен күшті билеп тұр", "О, Роза Рымбаевамен тикток түсіріпті күшті ғой деп ойлап қойғам. Қалай келісті екен деп", "Керемет, Роза апамыз өз мүсінін өте әдемі сақтаған. От болып тұрсыздар!" деген пікірлерін жарыса жазуда.