"Жабайылық қой": Әнші Луинаның жаңа образы желіні жарды

0
2 842

Әріптестері жоғары баға беріп, қолдап жатыр.


Әнші Луинаның жаңа фотосессиясы елді шулатты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Мен үшін Амазонка осылай көрінеді" деп бастап, сурет авторларына алғыс білдірген.

Оның жаңа образын көрген Мақпал Исабекова, Алишер Каримов, Алмира Тұрсын сияқты әріптестері қолдап, жоғары бағасын берген.



Бірақ оқырмандарды бұл суреттер шошытқан сияқты. Өйткені олар "Нағыз жабайылық, өз кейпіңе келіпсің. Барлық әнші биші әртістер осылай жүріңдер. Өйткені сендер осылай жалаңаш жүретін жабайысыңдар", "Көрсетпеген жеріңіз қалмады ғой Луина әпке", "Сіз жауынгерге ұқсамайсыз!", "Амазонка үшін бір нәрсе жетіспейді" деген сияқты сынға толы пікірлерін жазып жатыр.