«Заңды нөмір таққанын көрген емеспін»: Журналист ASANALI нөміріне қатысты шындықты айтты

0
2 317

«Қателігін мойындай салуға болмай ма?!»


«Заңды нөмір таққанын көрген емеспін»: Журналист ASANALI нөміріне қатысты шындықты айтты

Әлеуметтік желіде Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің мемлекеттік нөмірдің орнына ASANALI деген жазуы бар нөмірді тағып жүргені туралы видео пайда болғанын жазған едік. Белгілі журналист Қанат Әбілқайыр фэйсбук парақшасында осы жәйтқа қатысты ойын жазды. Ол әйгілі актердің "Асанәлі" деген нөмірді шешіп, заңды нөмір таққанын көрмегенін айтады. «Жаппай қоғам наразылығы туып жатқанда «деректі фильм түсіріліп жатыр едік» деген секілді өтірік жалтаруды ойлап таппай-ақ, қателікті мойындай салуға болмай ма?» деп жазды қаламгер.


Желі қолданушыларының арасында журналистің сөзін растағандар көп.

«Ол нөмірді бұрыннан тағатын десем, ешкім сенбеп еді», «Бұрыннан тағатын,осыдан он жыл бұрын 10-11-сынып оқушылары қатты еліктейтін,әкелерінің Асаналы атасындай бола алмағанына күйінетін,әкелерін осы үшін кінәлаған балаларды да білем,еліктейтін жасөспірімдер үшін қауіпті», «Асанәлі атамыздың офисі біздің кеңседе болды.Біз көргелі нөмері "Асанәлі" болатын. 2015-2017 жж бір кеңседі болдық», «Қошеметке бөлейтін халқынан ерекшеленіп көрінуге ұмтылатын тұлғалардың көптің көңіліне түкіргені ұнамайды. Сосын осындай тұлғаларды қатыны қазаққа еңбегі сіңгендей кердеңдейді. Сыйлағым келмейді ондайларды», «Қақабай, сен өтірікшісің бе, Асанәлі "абыз" өтірікші ме? Сені өтірік айтады дейін десем пікірмен сөзіңді растаған біраз адам отыр. Асанәлі "абызыңыз" өтірікші дейін десем эфирде "бұрыннан тақпаймын, осы жолы ғана деректі фильм үшін" деп отыр. Енді сұрақ - бұрыннан тағып жүрсе, жұрт неге сол кезде осылай дауламаған? Екеуіңнің біреуің точно өтірікшісіңдер!» деп жазды оқырмандар.