"Уайымдамаңыздар, бізде бәрі жақсы!": Тұрсынбектің әйелі көптің сұрағына жауап берді

0
8 348


Бірнеше күннен бері Тұрсынбектің қызы туралы ақпарат желіде желдей есіп жүр. ҰБТ-ға Тұрсынбектің қызы әдемінің өзі емес, басқа қыздың кіргені көпшіліктің ашуына тиіп, олар тіпті әзілкешті қаматуды да ұсынды.

Тұрсынбек пен жары Мөлдір оқиғаға қатысты жауап беріп, видео жариялаған еді. Бірақ бір тәуліктен кейін өшіріп тастады. Ал кеше жары Мөлдір Мұқанова өзінің марқұм анасының бейітіне барғанын айтып, видео салған еді. Арада көп уақыт өтпей оны да өшіріп тастады. Әзірге бірде-бір журналиске жауап бермеген өнерлі отбасы, ресми ештеңе айтпай отыр.

Тек бүгін ғана тағы да Мөлдір Мұқанова желіге "Алаңдап тілегін жаудырып жатқан жандар, баршаңызға мың алғыс! Уайымдамаңыздар, бізде бәрі жақсы! Аллаға сансыз шүкір!" деп жазды.



Бұл оқиға бойынша желіде қызу пікір-талас жүріп жатыр. Бір тарабы оларға қолдау білдіріп, жас қыздың өміріне балта шаппаңыздар десе, екінші бір тарабы заңсыздықты тоқтату керек екенін, ол үшін кінәлілер жазалануы да керек екенін айтуда.