“Сыртынан тон пішуге болмайды”: Қарақат Әбілдина оқырмандарына ой салар жазба жариялады

0
2 741


“Сыртынан тон пішуге болмайды”: Қарақат Әбілдина оқырмандарына ой салар жазба жариялады

Танымал әнші Қарақат Әбілдина оқырмандарын адамды танып-білмей, олар туралы айтпауға шақырды.

Домбырасымен табиғат аясында ән айтқан видеосы мен көкейінде жүрген сырын Әбілдина әлеуметтік желіге жазды.

Қарақат Әбілдина: “Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің,

Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.

Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,

Білінбей ме досыңа еткен ісің.

Солай ғой, адамды жақсы танып-білмей тұрып,сыртынан тон пішуге болмайды. Келісесіздер ме?

"ДОС болып қас қылғаннан сақта құдай,

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына"

Айналайын адамдар! Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде бір-бірімізге тілеулес болайық! Дос болайық!

Пайдалы бола алмасақ та, зиянымызды тигізбейікші! Қолыма домбыра алмағалы көп болған еді,сағынып қалыппын.Есіме бірінші түскен халық әні "Қарағым-ай" болды.Әннің бір шумағын қайырып тұрып өздеріңізге осындай ой айтқым келді. Баршаңызды жақсы көремін”.


Мұны естіген әншінің оқырмандары да оның ойын қолдап, соңғы кезде әлеуметтік желіде артық сөздер мен өсектің көбейгені айтты. Олардың ойынша, мұндай жағдай қоғам санасын улайды. Сондықтан “Қысқа ғұмырда бір-бірімізді қуантайық” десті.