Серік Ибрагимов өз бейнебаянына түскен актермен төбелесіп қалды (Видео)

0
3 224


Серік Ибрагимов өз бейнебаянына түскен актермен төбелесіп қалды (Видео)

Белгілі әнші Серік Ибрагимов пен жайдарманшы Асылхан Дүкенбаевпен төбелесіп қалған. Желідегілердің жазуынша, Серік Ибрагимов актерді өз бейнебаянына тегін түсіріп, пайдаланған.

Ол видеоны түсірілім алаңындағылар түсіріп, желіге жариялаған. Кей парақшалар "Клип түсіруге барған Серік Ибрагимов өз клипіне Асылханды тегін түсіргізіп, пайдаланып алып, соңында сөзге келіп, төбелесіп қалды" деп күлген сыңай танытқан.

Ал видеоны көрген желі оқырмандары олардың бұл әрекетін пиар деп санайды. Өйткені олардың ашуыланғандары адамды сендіре алмайды деп санаған. Сондықтан да "Клип қой ...хайп ...атың шықпаса,жер өртелер ғой!", "Кино ғой" деген түрлі пікірлер жазған.

Арасында Серік Ибрагимовтың тез ашуланатын адам екенін айтқандар да бар.