Сәкен Майғазиев: "Қанат байлап ұшып кетсем бе екен?!"

0
3 311

Қанат байлап ұшқысы келіп жүрген танымал әнші Сәкен Майғазиев Шымкенттің тұрғындарына қандай жағымды жаңалық айтты?


Сәкен Майғазиев:

фото: Сәкен Майғазиевтің инстаграм парақшасынан алынды

Әндері жүректі тербейтін, хит болып алдыңғы орындарды бермейтін Сәкен Майғазиевтің Шымкентте ән кеші өтетіні хабарланған болатын. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде орай ұйымдастырған концертке билеттер қалмаған. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.Дәл мерекеге тұспа-тұс келген концертке халықтың көпшілігі әйелдер қауымына сыйлық жасағысы келгенін, алайда, билеттердің жоқтығын айтып, реніш білдірген көрінеді. Бүгінде әншілікпен қатар басшылық лауазымын қатар алып жүрген Сәкен Майғазиев тыңдармандары десе, айтар сөзі бір бөлек. Халықтың талап-тілегіне бей-жай қарамаған ерекше дарын иесі дәл мереке күні екінші концертінің болатынын айтып елді қуантты.


Ол өз парақшасында: "Қанат байлап ұшып кетем бе екен?! "8 наурыз күні кешке қонаққа баратын едік...", деген жандарға құлаққағыс! 19:00-де өтетін ән кешіме билет өтіп кетуіне байланысты, 15:00-де екінші концертім өтпек. Шырайлы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, ҚАЗАҚ өнеріне деген махаббаттарыңыздан айналдым." -деп жазды.