"Рұқсат беруімнің себебі бар": "Қалаулымдық" жұлдыздың анасы сырын ақтарды

0
2 182

"Бір ұшы маған тиіп жатты" , - дейді ана көңіл.


"Қалаулым" бағдарламасы арқылы танымал болған Камиланың анасы қызына рұқсат беруінің себебін айтты. Ананың айтуынша, қызының тісі қисық болғандықтан киноға кастингтен өтпей қалған. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алмагүл Асубаева: "Қалаулым жәйлі неге жазбайсыз?" - депті оқырман.

Мен рұқсатымлы бердім Қалаулымға барғанына.Оның себебін айтқанмын,енді жаза кетейін.
Қазақ фильм Камиді киноға шақырды. Мисс Алматы -2017 соң.Кастинкке барлы,тісі қисық өтпеді. Шыққан соң Қалаулымның режиссері көріп шақырады. Мен рұқсатымды бердім.
Берген себебім: қаншама мекемеде повар болдым.Керемет жас қыз,жігіттер. Оқу орнын бітіріп,жұмыстан қолдары тимей үйленбеген,тұрмысқа шықпаған жастарды көріп Ойбуууу дедім ғой.
Жастық шақ керемет кезең.Терең білім ал,дружи,люби(орысша жазған жеңілірек).Соысымен жастық шақ!
Егеменді алғаннан бері,адамдар сергелденге түсіп қалды ғой.Біз ксро кезінде сағат 17-00 де жұмыстан шығатынбыз.уақытымыз жеткілікті болатын.Ал кәзір жұмысқа 8-00 де кірсең түнгі 22-00 ,даже одан да көп уақыт жұмыста,жеке өмірі жоқ 1- орында жұмыс,өте аянышты.Мен тек өз көзіммен көргенді жазып жатырмын.
Сол үшін де рұхсатымды бердім!
Қалаулымда бар жоғы 3- ақ ай отырды. Келген балдарға Камилам шанс берді ғой. Алақанға қонған құсты ұстай алмағанға Камилам кінәлі емес шығар. Артық еш нәрсе болған жоқ. Бәрі Елдің алдында болды. Қаншама сыннан өттік, бір ұшы маған тиіп жатты.Неге адамдар білместен бізді жамандайды,

деген ой мені мазалады,сондағы отырған қатысушылар да не айтпады,
Алла сабыр бер деп млн.рет қайталайтынмын.
Ками сабағын досрочно жауып эфирға зытатын, қатысушылардың кейбіреуі ,менсінбейді,деді
Кейін мойындады,Камила қарапайым екен, деп
Мағжанымның маңдайының БАҒЫ! Аллаға сансыз шүкір!
Камиламның арқа сүйер Азаматы! Аллаға Шүкір! Інжутай мен Нұрисламым бар! Аллаға сансыз шүкір!

Сұрақтың жауабын алдыңыз ,деп ойлаймын!
Сіздерде Ұлдарыңыз ұясына,Қыздарыңыз қиясына қонсын!
Баршамыздың балаларымыз Аман, Бақытты болсын!"

(Жазба өзгертусіз жарияланды)


Бұл жазбаны оқыған оқырмандары анаға қолдау білдіріп, жылы сөздерін аямай жазуда. Әрине, кейбірі бағдарламаға қатысқанын сынға алса, енді бір тарабы "Сіз керемет анасыз!", "Балаларыныздын тек қызығын көріңіз!" деген ниеттерін білдіріп жатыр.