“Орамалымды көп талқылайсыздар!”: Мөлдір Әуелбекова оқырмандарға назын айтты

0
2 623

“Әдемі пост салып әңгіме жазайын десем ойыма нақты бір тақырып келмейді“, - дейді әнші.


“Орамалымды көп талқылайсыздар!”: Мөлдір Әуелбекова оқырмандарға назын айтты

Мөлдір Әуелбекова өзінің қай тақырыпта сөз бастарын білмей жүргенін мойындады. Ана атанып көп көрінбей кеткен әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Мөлдір Әуелбекованың “Әдемі пост салып әңгіме жазайын десем ойыма нақты бір тақырып келмейді... Қандай мәселені талқылағанымызды қалайсыздар? Әйтеуір білетінім орамалымды көп талқылайтындар тым басымырақ...Неге олай екенін білмеймін? Кейбір қыз-келіншектер сияқты тым ашық жүргеннен жабық жүрген жақсы емес пе? Әлде қалай, а?” деген жазбасына, оқырмандары түрлі пікір жазып, ой алмасуда.


Олардың бір бөлігі әншінің бұл образын қолдап, “Дұрыс, орамалыңды шешпе!” десе, тағы бір тарап бұлай киіну бізге тән емес екенін айтуда