"Оны жамандайтын адамдарға жаным ашиды": Мұхамеджанды жақтаған Балғынбек Имашовты жұрт сынға алды

0
2 982

Астапыралла, демеске шара бар ма?


Соңғы кезде Мұхамеджан туралы сөз көбейді. Оның ақидасына күмән тудыратындар, оның Ұлттық арнадан бағдарламасына қарсылық білдірді.

Көп ұзамай Мұхамеджан мырза да өз қатесін мойындаған еді. Артынша танымал айтыскер, Балғынбек Имашев ол кісіні жақтаған жазба жариялады.

"Мұхаммеджан туралы жазғым келді. Әйтпесе, шығуға тиісті посттар кезек күтіп тұр. Ақындығы мен азаматтығы, өлеңі мен өнері, шешендігі мен шеберлігі туралы академиктерден бастап әділ бағасын беріп қойған жігіт. Несін айтайын? Ол да Алланың әлсіз пендесі ғой. Кемшілігі мен қателігі де, ықыласы мен ыждаһаты бір Аллаға аян. Оны жамандайтын адамдарға жаным ашиды. Бостан босқа қияметте біреудің күнәсін арқалайды. Ақиданың не екенін білмейтін біреулер Мұхаммеджанның ақидасын талқылайды.
Ең қызығы Ұлттық арнадан хабар жүргізбесін дейді? Астапыралла, демеске шара бар ма? Мұхаңның "Асыл арнасы" күндіз-түні хабар таратуда. Ютубтан оның айтыстарынан бастап, түсірген киносы, жасаған бағдарламалары, берген сұхбаттары толып тұр. Барлық ісінде елге деген махабат пен ұлтқа деген жанашырлықтан басқа мазмұн жоқ.
Ұлттық арнадан Мұхамеджанды аластасақ, орасан жоғалтудан басқа жақсылық таппаймыз.
Өз басыма Мұхаммеджанның көп тұсы үлгі: Ата-анасына деген құрметі, туған-туысқандарымен қарым қатынасы, қайын жұртымен жасаған мәмілесі, әйеліне деген, ұл-қызына деген мейірім-махабаты, дос-жаран, жоқ-жітікке тигізген шапағаты. Тыныштық пен есендік үшін ханмен де, халықпен де тіл табысып, ынтымақ пен ымыраға, бірлік пен берекеге тер төгіп келеді.
Жағымпаз дейді бәз-біреулер. Жамандықты жасыру, жақсылықты асыру жағымпаздық болып бағаланатын заман келгені ғой. Әйтпесе, Мұхаң Қонаев пен Назарбаевтың да батасын алып, Ердоғанмен әңгімелескен ер емес пе? Кемшілігі жоқ Алланың Ұлылығын таныған мұсылман, кемшіліктен тұратын адамға жағымпазданып қайтсын? Кей кейде еріншекті еңбекке, залымды әділдікке, пасықты ізгілікке шабыттандыру үшін айтылған сөз жағымпаздық секілді көрінуі мүмкін. Өзінің хақысын кешіріп, міндетін мүлтіксіз орындауда әр азамат Мұхамеджандай еңбек етсе, көшіміз баяғыда түзеліп кетер еді ғой.
Бұл Мұхаңды мақтауым емес, жеке пікірім. Ешкім басқадай пікір таңа алмайды.
Барлық мақтауға еш кемшілігі жоқ Алла ғана лайықты!
".

Бұл жазбаны оқыған желі оқырмандары Балғынбек мырзаның да ақидасына күмәнмен қарайтындарын жазып, сынға алған.

Олар "Мұқаң жұмыска шақырған-ау сыпылдатып жібердің ғой" десе, енді бірі "ОЛ АРАБҚА, ТҰРІККЕ ЕЛІКТЕП КЕТКЕН. ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОҒАН МАҢЫЗДЫ ЕМЕС" дейді.

Десе де айтыскерлердің сөзін қолдап, тілектестік білдіргенде де жетерлік.