"Ойыңдағы махаббат қандай болса - соны тартасың": Төреғалидің қарындасы қыздарға нәзіктікті үйретіп жүр

0
1 165

"Нағыз махаббатты көрсет десе, сіздерді атар едім" - дейді оқырман.


Әнімен де, әңгілерімен де елдің аузынан түспейтін Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы да қазір желіде өте белсенді. Тіпті ол өз оқырмандарын қалыптастырып, қыздарға арналған курстардың авторы болып жүр.

Фариза Төреәлі бірнеше жыл бұрын танымал спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Қазір олар АҚШ-та тұрып жатыр. Олардың отбасылық вайбтарын қазақ аудиториясы ерекше жақсы көреді, тіпті оқырмандары оларды махаббат символына теңеген. Себебі соңғы жазбалары желі оқырмандарынына қатты ұнаған сыңайлы.



Әдетте әншінің қарындасы қарым-қатынас, әйелдік болмыс туралы жиі жазады. Осы жолы ол өзінің жары туралы жазып, өз ойындағы адамды кездестіргеніне бақытты екенін және оқырмандарға жақсы жар кездестіру туралы кеңес берген.

Мұны көрген желі қолданушылары олардың ықыластарына риза болып, "видео біткенше аузым ашылыып қараппын", "Керемет болыпты, ағаңыздың өлеңіне клип болып қалыпсыздар, мен сіздерге қарап өсемін, өзімді жақсартуға тырысамын, Фариза ханым, еңбегіңіз зор, курсыңызды күтудемін, Аллах екі дүние жақсылығын, бақытын нәсіп етсін Дархан мырза екеуіңізге", "Махаббат деген не десе Дархан мен Фаризаны көр деп едім" деген сынды пікірлерді жаңбырша жаудырған.

Десе де арасында олардың киімдеріне, дін туралы көп айтатындарын да сынға алғандар жоқ емес.