"Ойбай, мынау не cұмдық": Айгүл Иманбаеваның жаңа образы елді шошытты

0
6 397


Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің жаңа фотосессиясынан әлеуметтік желіге сурет жариялап, оқырмандарына ұнамай қалды. Оның бұл образын көпшілік қабылдай алмаған сияқты. Мұны олардың пікірлерінен байқау аса қиын емес.


Әнші суретті жариялап, ешқандай жазба қалдырмаған. Тек фотосеттен кадрлар екенінен хабар берген. Мұл суреттің астына оқырмандар, "Ойбай, пысымылла жабайы", "Қасқа шошып кеттім ғой", "Енді мынаған не болды?" деген сынды пікірлерді жаңбырша жаудырған.

Сонымен қатар, көпшілік оның "Егіз лебіз" бағдарламасындағы төрелігіне көңілі толмағанын да осы жазбаның пікіріне қалдырған екен. Олар "әділетсіз өтті" деген сыңайдағы пікірлерін әлі де жарыса жазып жатыр.

Десе де әнші оларға арнайы жауап қайтармаған.