«Ненің белгісі екенін біле ме?»: Желі оқырмандары Айнұр Тұрсынбаеваның суретіне шүйлікті

0
25 134

​Халықтың сүйікті айтыскерінің суретте қолымен көрсеткен белгісі оқырмандарын шошытты.


«Ненің белгісі екенін біле ме?»: Желі оқырмандары Айнұр Тұрсынбаеваның суретіне шүйлікті

Айнұр Тұрсынбаева бірнеше күн бұрын Түркияда өзінің жаңа кәсібінің тұсаукесерін өткізген еді. Оған біздің елдегі танымал адамдардың біразы қатысты. Сондықтан да болар, желіде ол шарадан сурет-видеолар тез тарады.

Сондағы айтыскердің жарымен түскен суреті көпшілікті шошытса керек-ті. Толығырақ айтқанда, сурет емес олардың қолымен көрсеткен белгісі көпшілікке күдік ұялатқан.

Өйткені ол белгі туралы әртүрлі нұсқалар бар екен. Көпшілік оның дұрыс белгі емес екеніне сенімді. Оған "Айнұр ханым қалай білмейді шайтанның бейнесі екенін қолымен жасап тұрғанын намаз оқитын адам білуі тиіс ғой..." деген пікірлер дәлел.

Десе де ақынның қолмен көрсеткен белгісін елемей, кәсібіне береке тілеп жатқандар да жоқ емес. Сондай-ақ жарымен түскен суретін көріп, бақыт тілеп жатыр.