Мөлдір Әуелбекова: "Шариғат бойынша үш-ақ рет кездесіп отбасын құрдық"

0
7 935

"Жан-жарымның септігімен орамалды келіншек болдым" - дейді әнші.


Мөлдір Әуелбекова:

Соңғы кезде көп көрінбей кеткен Мөлдір Әуелбекова өзінің қалай тұрмысқа шыққанын және орамалға қалай келгенін айтып, оқырмандарымен сыр бөлісті. Оның айтуынша, орамалды тастамай тағуына күйеуі себепкер болған.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Менің жаулығым. Алдында жазып өткенмін, намазда жүргеніме 6 жыл. Бірақ, орамалды тек намаз оқығанда ғана киетінмін. Түбегейлі киюге де ниеттеніп жүрдім. Тіпті, сахналық образдарды ойластырып жүретінмін. Бірақ, қашан киетінім белгісіз еді... Сөйтіп, алдыңғы жылдың Рамазан айында Отағасына тұрмысқа шыққанымда да, орамал жайлы ешқандай әңгіме түгілі, сыбыс та болмады. Таңның сәресімен, шамның ифтарымен отбасылық өміріміз басталды. Бір апта өткен соң, Отағасы сәресін ішіп, ауыз бекітіп, намазға дайындалып, жайнамаздарды төсей бастады. Мен орамалымды киіп әлекпін. Жайнамазға тұрып, артына маған: "Екі рәкғат сүннет оқимыз!" - деп, қарады да: "Айшам! Орамалың саған әдемі жарасады! Енді шешпей жүрсең жақсы болады!" - дей салды. Ойымда ештеме жоқ, әдемі жарасады дегенге мәзбін. Әдеттегідей, бірге тұрып намаз оқи бастадық. Ал енді, намазда сантүрлі ойлар келе бастады... Шешпе деді ғой..? Жаулықта жүргенімді қалайды ма..? Қазір қайта шешсем ренжиді ме..? тағысын тағы... «Аллахым хайырын бер!» - деп тілей бердім. Намаз оқып болған соң, өзімнен өзім: "Отағасы, енді орамалымды шешпеймін!" - дедім. Ол кісі таңқалмады да! Сөйтсем, о бастан, әбден орамал тағуымды қалап, дұға етіп жүр екен ғой. "Аллаға шүкір, дұғам қабыл. Саған Алла разы болсын!" - деееееп құшақтап, маңдайымнан сүйді. Міне, мұсылманның қаруы - дұға деген осы ағайын. Осылайша, Алланың қалауымен, жан-жарымның септігімен орамалды келіншек болып, әр образға әртүрлі келістіріп әдемі тағып алдым!

Айтпақшы, біз бір бірімізді танымастан шариғат бойынша 3 ақ рет көрісіп үйлендік. Келесі жолы толығырақ жазайын...?" деп жазды.

Бұл жазбаны оқыған желі оқырмандарының бір бөлігі әншінің шешіміне таң қалысса, тағы бір тарабы оның сын-пікірлерге назар салмауын өлтірген.