"Мардымсыз айлығынан қажығасын, жалақыға бола барады": Елшібаева өнер адамдарының депутат болуына қарсылық танытты

0
847

Атақты дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева өнер адамдарының депутаттыққа баруына мардымсыз жалақылары себеп деп ойлайды.


Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Айгүл Елшібаева: Өнер адамының депутат болуына қарсымын. Өнер адамы мәдениет саласын басқарсын. Көбісі депутат болуға, мәдениеттің мардымсыз айлығынан қажығасын, жалақыға бола барады ма? - деп ойлаймын.

Халыққа танымал өнер иесі, ұлттық мәселелерді көтергенмен, ұлттық иделогия мемлекеттік деңгейде болмаған елде, саясатың ешқашан қолдамайды.

Нұр Отанның Мирас қоғамдық кеңесінде мүше болғанмын. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне жапқан 15-ғасырдан Ақсақ Темірдің нұсқауымымен жасалған, кілемге реставрация жасап, қалпына келтіру, тарихи жәдігерлерді халық игілігіне пайдалану туралы ұсыныстарым жоғары жаққа жолданады деп, жиналыста қолданғанмен, жабулы қазан күйінде қалды.

Қазақтың Ұлттық идеология туралы мәселесін көтергенімде, басқа ұлт өкілдері, қазақша сәлемдескеннен соң, өз тіліне көшіп, біздің құқығымыз қорғалмайды, өзге ұлт деп атағаны ұнамайды-,деді. Қазақтың суын ішіп, ауасын жұтып отырып, мәдени орталығың бар, өз дініңде,өз ұлттық киіміңді киіп отырып, құқығымыз қорғалмайды -,дегенге таң қалдым. Қазақтың жерінде отырып, өз ұлтыңның мәдениетін насихаттап жүрсең, саған өзге ұлт демей не деу керек?
Сен қазақтай киініп, қазақтың салт-дәстүрін ұстасаң сенің қазақтан айырмаң болмаса, сені кім өзге ұлт деп айтады?- дегенді жиналыстың уақыт регламенті жетпей, келесі жиналыста айтам деп жүргенде, кеңестің құрамы таратылып кетті. Екінші күмәнді мәселе, өткір сөйлейтін адамның ондай кеңеске қажеті жоқ екенін білдім. Жиналыста көтерген мәселелер нәтижесі болмаса, құр жиналыстың нәтижесі жоқ. Осы мәселені Аманат партиясының @amanat.partiyasy төрағасы Қошанов мырзаның жаңа жасағы ескерсе екен деймін.

Өнер адамы не үшін билікке ұмтылады? Саны бар сапасы жоқ, аузы булы өгіз күйінде отырған, айналасына жақсы атты депутатты көргенде, ақының да жыршың да , мынаның қасында тіл білем, халықтың жанайқайын жеткіземін деп барады, емес пе?

Жазушы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шахановтар депутат болғанда, біздер айтуын айтқанмен, ол жер мен айтты екен деп, қолдай салатын жер емес екен-, дегенін, сұқпаттардан оқыдық. Алла аса талантты қып жаратып, миллионның ішінде өнер бергесін, халыққа бергенін қайтару сауапты іс. Сайқал саясатпен халық алдында сиың кетпесін".



Әншінің бұл пікіірін танымал Тамара Асар да қолдап, "Керемет пікір, Әйгөлек" деп пікір қалдырыпты. Сондай-ақ көп оқырман да осы ойда екендіктерін жазып, өнер адамдарынан саясаткер шықпайтынын жазыпты.

Ал, сіз қалай ойлайсыз?