"Құмар ойын жайлы семинар болады": Бағлан Әбдірайымов жігіттермен жабық кездесу өткізбек

0
2 339

“Басы ауырмаған кісінің ҚҰДАЙМЕНЕН ісі жоқ” - деуші еді, үлкендер! Басқа салмасын!" - дейді әнші.


Бір кездері құмар ойынымен күрескен және онысы туралы жиі айтып жүрген Бағлан Әбдірайымов ер-азаматтарға арналған тренинг өтпек. Жабық өтетін кездесуде оқырмандардан жиі келетін “Азартты қалай қойдың? Қай молда оқыды? Қай психолог көмектесті?" деген секілді сұрақтарға жауап бермек екен.

Бірақ әншінің бұл жобасын түсінбей, түрлі сын айтқандар жетерлік. Оларға "Есте сақтап алыңыз. Мамырдың 20-сы. “Брюс Лидің стойкасы дұрыс емес” - деп бір жігіттің көпіргенін естіп едім. Сол секілді ҚҰМАР ОЙЫН жайлы кездесу жасаймын деп едім;

“Стойкаң дұрыс емес” деген пікірлер келді.

“Басы ауырмаған кісінің ҚҰДАЙМЕНЕН ісі жоқ” - деуші еді, үлкендер! Басқа салмасын!

Маған да бұл тақырыпты қозғай берген ұнамайды. Бірақ күніге келетін хаттарды бей - жәй қалдырғым келмейді. Аллаға тәуекел етіп, бірінші рет жасаймын! Қайта жасауға ниетті емеспін...
Құмардың құрығында жүрген бауырларға құлақ қағыс... Ұялмай келіңіздер! Өзіміз болып шәй ішеміз.)))
“Игроктар қоймайды” - деген әңгіме өтірік! Бәріміздің жақсылыққа үмітіміз бар! Үмітсіз - ШАЙТАН!

Бұл той емес. Сондықтан орын саны шектеулі және жабық түрде болады" - деп жауап берді әнші.

Оқырмандардың "Бұл арқылы кімге өнеге бересің?", "Бұл жағдай да ақша табу құралына айналып кетті ме?" деген сияқты сөздеріне әншінің "Шама келгенше жеке де кездесулер жасадық. Есін жиып, жолын тапқан жігіттер баршылық, шүкір!
Қазір бұл тақырыпқа бір жылдан астам уақыт болды жоламай жүрмін. Өйткені, ауыр! Энергиям кетеді" деген сөзі тоқтау болардай.

Осы ауыр тақырыпта бір рет кездесу өткізіп, енді қайта қозғамауға ниетті екен.