«Күйеуіңнің басынан қан аққанын көру қиын екен»: Дариға Бадықова көрерменін алаңдатып қойды

0
592

«Даусымды шығармай өлдім болды дедім»


«Күйеуіңнің басынан қан аққанын көру қиын екен»: Дариға Бадықова көрерменін алаңдатып қойды

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова Сарыағаш пен Шымкенттің жолында жол апатына ұшырағанын жазып, көрермендерін алаңдатып қойды. Актриса «соңғы кездері отбасымды көп көрсетіп кетіп ем, көз тиді ме, сөз тиді ме, әлде ойнаған рөлі өмірде қайталанды ма?» деп күйеуі екеуінің жол апатына ұшырағанын жазды.


– Аман қалдық шүкір..! Біраз адамдар айтып жатады иә? Отбасың бала-шағаң, ол сенің жеке өмірің, көрсетпе көз, өтеді, сөз өтеді.
Ол сөз бекер емес қой иә?.
Отбасымды көрсетпеуші едім.
Әлде ойнаған рөлі өмірде қайталанды ма? Мүшелі жас па? деген ой мазалады.
Әрине бәрі жаратушының ісі. Деседе көп жерде өзімізді сақтандыра алмай жатамыз ба?
Күні кеше Сарыағашқа іс-шараға бардық. Өз машинамызды Шымкеттегі қонақ үйдің алдына қойып, демалып барайықшы деп, басқа машинамен бардық. Той керемет өтіп жатты. Жолдасым елдің арасында, аттың басын жіберіп биледі.
22:30 Шымкентке жолға шықтық.
Жолдасым алдында отырды ұйықтамай ақ, келе жатқанбыз, Сарыағашқа келгенде жүргізушіміз қарсы бағытқа шығып кетті.
Жан даусым шықты үлгермейсің кір ішке кір дедім.
Үлгерем деген ойы болды ау, үлгермей екі машина қарама-қарсы соғысты.
Қарама қарсы келе жатқан машинаны көру сұмдық екен.
Даусымды шығармай өлдім болды дедім.
Машинаның дөңгелегінің ұшып жатқанын көзіммен көрдім.
Әйнектер қарма қарсы ұшып бетіме шашымның арасына кіріп жатқаныны
Машина тоқтай алмайды тормаз бас деп айқайлаймын
Алдында отырған күйеуіме қарасам, үні шықпайды, қатып қалған. Басынан қан кетіп жатыр екен.
Өзімді тез жинап, ең құрғанда біреуіміз қорғанайық дедім. Қорғануға тырыстым.
Артық еш жерден ұстамай, басымды бетімді, сиденьяның астына қарай тыға бердім.
Машина тоқтай алмады.
Бір кезде тоқтады қаптаған адам сұмдық болды.
Тез түс әпше машинадан түтін шығып жатыр деді. Неге тоқтамайсың деп айғайладым. Сөйтсек дөңгелектері жоқ машинаның.
Дарханның басынан қан су сияқты аққанын көру қиын екен.
Скорый деп жатты.
Дарханның жан даусы шығып тұр, қолымнан ұстамаңдар деп. Анықтап барып қарасам, оң қолы салбырап тұр оны көріп мамааа.
Жедел жәрдем тез келді ауруханаға апарды. Дарханды бірінші жібердік бізге қарағанда жағдайы ауыр болды. Әйнек кірген шекесін шыңғыртып тұрып тікті.
Қолын рентгенге түсірді, қолының жағдайы өте ауыр морт кеткен операция деді.
Гипс салып береміз Алматыдан жасаңыздар деді. Түнде қалаға келдік жол бойы қолы шыдатпады.
Сразу ауруханаға келдік травматологтар шошып операцияға дайындаймыз деп жатқызып тастады.
Менің бетім сырылды, шынтағыма зақым келді,
- деді өнер иесі.



Желідегілер өнерлі жұптың амандықтарына шүкірлік айтып, тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.


«Құдай сақтаған екен жандарым сол. Тез сауығып,қатарға қосылсын Дарханың жаным», «Бір Алла сақтаған. Ғұмырлы болыңыздар», «Ойбуй аман болыңыздар. Алла сақтасын» деп жазуда.