"Күйеуін құтқарғысы келеді": Төреғалидың қарындасы қандай әйелдер бақытсыз болатынын айтты

0
836

"Әйелді "еркекті құтқарсын, қиналсын" деп жаратпады" - дейді ол.


Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза қазір желіде белсенді және қыздарға сабақ сатып, инфобизнеспен айналысып жүр.

Жақында ол әйелдердің қателігін айтып, бақытты болудың жолын айтты.

Фариза Төреәлі: "Әйел адам шыдау керек, төзу керек, көну керек, мықты болу керек, бәріне көзін жұму керек”

демей ме бізде көпшілік? Шыдаса ғана түбінде жақсылық болады, шыдаса ғана бақытқа кенеледі, шыдаса ғана мықты адам. Бірақ, шыдам мен сабырдың арасын шатастырып алып жатқан жоқпыз ба?

Шыдау керек деген қазақта әдет бар, бұл сөздер маған тікелей “жертва болу, өзіңді ұмыту керек” деген мағынада естіледі.
Әйел адамның мойынындағы үйдің жауапкершілігі, келіндік қызметі, әйелдік, аналық міндетінен бөлек көзге көрінбейтін біраз істер бар. Оны әйел ғана көтереді, себебі қырық жаны бар. Соның бәріне қоса қаншама отбасыда зорлық-зомбылықты, күйеуінің дөрекілігін, туыстарынан қысым көретін келіншектер өмір сүруде. Мойынына бар жүкті арқалап алып, жалғыз өзі отбасын сақтағысы келеді, күйеуін құтқарғысы келеді, балаларына тәрбие бергісі келеді, ештеңеге қарамай табыс табуды ойлайды тіпті. Неге? Себебі шыдау керек.⠀
Алла әйелдерді қиналу үшін емес, жақсы өмір сүру үшін жаратты. Оларды еркектерге қарағанда 99 есе сезімтал етіп, жүректеріне үйіп-төгіп махаббатты, сезімдерді салып қойды. Отбасы - тек әйелдің емес, көбіне еркек адамның жауапкершілігінде. Себебі Алла ер кісілерге соны міндеттеп қойды.

“Бәрін өзім құтқарамын” деп жүрген әйелдер қателеседі. Себебі байқамай Құдайдың рөліне кіріп алып “кіші Құдай” болғысы кеп барлығына иелік етіп, бәрі оның қолында деп ойлайды. Бірақ, қиындық ол кезде бірінен соң бірі келе береді. Себебі рөлдерімізді шатастырып алғанда, Алла біздің әлсіз екенімізді еске салғысы келеді. “Бәрін шешіп беретін Аллаң бар ғой” дегенді түсінгенімізді, тәуекел еткенімізді, әр нәрседе бақылауды доғаруымызды қалайды. Әр кісіні өз жолына салатын, тәрбиелейтін, ес беретін әркімнің “өз Алласы бар”. Ал біз - әлсіз, нәзік, сезімтал және тек жақсылыққа лайықты Алланың құлы - әйел жаратылысы екенімізді естен шығармайық.

Өзіңді ойлау, бақытты болуды қалау - эгоизм емес. Жақсы ұрпақ қаласаң әйеліңе жақсы қара, ана бақытты болса - бала да бақытты. Алла әйелді о баста еркекті құтқарсын, қиналсын деп жаратпады. Тек “жанына тыныштық беруі үшін” жаратты".


Мұны оқыған желі қолданушылары әртүрлі пікірді алға тартып, өз ойларын ортаға салуда. Кейбірі жас блогердің айтқанымен келіссе, кейбірі үшін оның жазбасы "айтуға ғана оңай" тақырып.

"Айтуға оңай әрине... бұрыннан қалыптасқан қазақи менталитетке тікелей қарама қайшы жазба... бірақ өте дұрыс жазылған түсінген адамға. Мысалы, анамыз келін болып түсті, все сол үйдің отымен кіріп күлімен шықты делік. Ешкімнің рақметі жоқ, өмірі құр өтті. Оның орнына жұмысын істеп, өзіне қараса балаларына да беретін білімі болады", "Дұрыс айтасың Фариза! Қанша әйел бар бүкіл жүкті мойынына арқалап жүрген. Соның бірі менің анам еді. Әттең сол кезде уақытында бәрін құтқару процессін тоқтатқанда,қазір тірі болар ма еді.. 5 күн жалғанда ер азаматтың орнында жүгіріп жүріп денсаулығына қарамай өмірден ерте өтті де кетті" деген сынды оқиғаларын бөлісіп, Фаризаның ойына қолдауды көбірек білдірген.