"Көзінен жасы тиылмай, ұмытшақ ауруына шалдығып өмірден өтті": Гүлзира Айдарбекова сырын ақтарды

0
1 660

"Маматайым деген телефон нөмірді бүгін өшірдім", - дейді ол


Гүлзира Айдарбекова өзінің ата-анасы мен бауырлары туралы жазба жазып, ішкі сырларын ақтарды. Оның бұл жазбасын оқыған қалың көпшілік жүректері ауырғанын айтып, демеу болар сөздермен пікір қалдыруда.

Гүлзира Айдарбекова: "Қандай асыл жан едің.
Бізге әке, анама ыстық жар едің,
Өмірден өттің мәнді,
Ұйықтай ғой енді мәңгі!
Әкешімнің бүгін жерге жамбасы тиген күні, 62- ші жылғы Ғабит ағам, 4- ші тамыз күні, 30 жасында 3 қыз, 1 ұлын қалдырып, жол апатынан кетті, ал әпкем Гүлзейнеп 34 жасында, денсаулығы күрт өзгеріп ол да 1 ұл, 1 қызын артында қалдырып өмірден өткен соң, анашымның көзінен жасы тиылмай денсаулығы нашарлап, ұмытшақ ауруына шалдығып ол да өмірден өтті. Артынша Қымбат жеңгем, одан соң 66- шы жылғы Мұхит ағам өмірден өтті. Тура әкемнің қайтқан күні сол Қымбат жеңгемнің туған күні бүгін еді, енді ешуақытта тойламайтын шығармын деп жылап та алатын. Бүгін бір көңілім түсіп, бәрін еске алумен отырдым. Бүкіл әулеттегі бауырлар, бала-шағалары кеше-бүгін құран бағыштаудамыз. Алла біліп-білмей жасаған күнәларын кешіп, жандарын жәннатта етсін