Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

0
1 986

Танымал композитор, продюсер Арман Дүйсенов дүниеден озды.


Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Бұл туралы өнердегі әріптесі, продюсер Ерғали Әбдірайымов әлеуметтік парақшасына жариялады. Мұны оқыған желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.


"Арман бауырымнан айырылып қалдық, ағайын. Айсұлу айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін" деп жазды.



Арман Дүйсенов — 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол — әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі.

Желі қолданушылары қазаға қайғырып, көңіл айтуда.