«Көлігі әуежайда өртеніп кеткен еді»: Төреғали әкесіне көлік сыйлаған күйеу баласына алғыс айтты

0
1 267

«Сүйеу болар күйеу бала жұғысты болсын!»


«Көлігі әуежайда өртеніп кеткен еді»: Төреғали әкесіне көлік сыйлаған күйеу баласына алғыс айтты

Ұлы дала баласы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі төркініне керемет тосын сый жасады. Күйеуі Дарханмен бірге Америкада жүріп әкесі Төреәліге су жаңа Lexus-570 көлігін тарту етті. Өздері алыста болса да, отбасы мүшелерінің барлығына айрықша әсер сыйлап, көзіне жас алдырған жастарға ата-анасы алғыс жаудырды.

Ал жұлдызды әулеттің үлкен қызы Фариза Төреәлі «Алла разылығы – ата-ананың разылығында!» деп ағынан жарылды.


Дәл қазір Ұмрада кіші қажылықта жүрген Төреғали қарындасы мен күйеубаласының кереметтей тартуына ризашылығын білдірді.
Төреғали Төреәлі әкесіне су жаңа Lexus-570 көлігін тарту еткен қарындасы мен күйеубаласына жүрекжарды жазба арнады. Әншінің айтуынша, "Қаңтар оқиғасы" кезінде әкесінің көлігі өртеніп кетіп, қазірде көліксіз жүрген. Бүгінгі күні жұбайы Толқынмен және нағашы атасымен Ұмрада кіші қажылықта жүрген әнші әкесінің қуанышына өзі де толқып отырғанын жазған.

"Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзірбайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас.

Кеше ғана Қосбатыр атаны алып, (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп Ұмраға жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр. "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын! Рахмет айналайындар!", - деп жазды ол.