«Көкесін танытамын!»: Мұхтар Шаханов өзіне қатысты фейк таратқандарды кешірмейтінін айтты

0
1 179

«Мұхтар Шахановты «Қарттар үйіне» өткізіп жіберіпті»


 «Көкесін танытамын!»: Мұхтар Шаханов өзіне қатысты фейк таратқандарды кешірмейтінін айтты

Әлеуметтік желіде «Мұхтар Шахановты «Қарттар үйіне» өткізіп жіберіпті» деген видео, хабарламалар таралды. Алайда, бұл ақпараттың жаңсақ екенін, шындыққа жанаспайтынын ақынның жанашыр бауырлары шырылдап айтып жатыр.


«Жалын» журналының бас директорының орынбасары, Мұхтар Шахановтың көмекшісі Құдияр Біләл мұның бәрі бос сөз екенін алға тартады.

– Әлеуметтік желі бетінде "Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне" өткізіп жіберіпті" дейтін шындыққа үйлеспейтін жаңсақ ақпарат тарап жүр. Соған орай маған да хабарласып жатқандар баршылық.

Басын ашып айтайық. Мұның бәрі бос сөз. Бар әңгіме біз Мұхаңмен бірге тамақтанып отырған асханаға жетімдер үйінде тәрбиеленіп, өз еңбектерімен жетістікке жеткен екі жігіт келіп, Мұхаңа сағат сыйлады. Сол әңгіме үстінде біреуі: Балаларын тастап кеткен ата-аналар туралы не айтасыз?" деп сұрады. Мұхаң: "Ондайлар ешактар" деді.

Бары осы. Сондықтан біздің кей "достарымыз" өршітіп жатқан жалған ақпаратқа бой алдырмаңыздар. Дәл қазіргі сәтте Мұхаң өз оқырмандарымен кездесуде. Сол суретті қоса жариялаймын, - деді Құдияр Біләл.


Шындықтың шырағданы, ұлт патриоты Мұхтар Шаханов өз үйінен видео түсіріп, әлеуметтік желіге салды. Онда ақын өзінің жылы үйінде, әйелі Ханшайым Бөкенқызы мен немерелерінің жанында екенін, жалған ақпарат таратқандарды халықаралық сотқа беретінін, көкесін танытанынын айтты.



Осы жаңсақ ақпарат таратқандарға қатысты ақын Төлеген Айбергеновтің тұңғыш қызы Салтанат Айбергенова жаза қолдану керек деп айтты.


«Бүгін бәрімізді дүрліктірген "Мұхтар Шахановты қарттар үйіне балалары тапсырып жіберіпті" деген ватсапқа жалған видео, смстер түсті. Мұхтар аға үйінде, жұбайының жанында, немерелерінің ортасында жылы үйінде отыр. Естігенде шошып кеттім. Мұндай сұмдықты таратушыларды жауапқа тарту керек! Мұхтар ағаның былтыр бір ұлы Рауан Шаханов індеттің кесірінен дүние салды. Қуаныш кішкене сырқаттанып жүргені болмаса аман сау, жазылып кетеді деген үмңттеміз. Қызы Жанерке Шымкент қаласында тұрады. Кіші қызы Айшөрек шетелде. Келіндері сайдың тасындай азаматшалар. Барлығы да әкесі десе шауып тұратын балалар. Көрсетілген видео қып-қызыл өтірік. Мұхтар ағаның құлағының жөнді естімейтінін пайдаланып, "Ата-аналарын тастап кеткен балалар-ишак" деген сөзін бұрмалап ағаның өзіне қатысты етіп көрсеткісі келген. Сол видеоны түсіргендер де жауапқа тартылсын!» - деді қоғам қайраткері.


Ал белгілі журналист Дидар Бегалиев те Салтанат ханымның ойын қолдап жазба жариялады.


«Мухтар Шахановты балалары дом престарелыхтапсырып тастапты...деп ватсапта ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министріне хат жолдайық, осы жалған ақпарат үшін қылмыстық іс қозғап, жалған ақпарат таратқанды табу керек!Мұхтар Шаханов кім не десе, о десін, ол жай ақын ғана емес, ол – қоғам қайраткері! Неге? Айтайын, біріншіден,КСРО халық депутаттарының сьезіндекомпартияның ызғарынанықпай, талай шындықты айтты. Бұрынғы бодандықтағыкеңестер Одағында шындықты тіке айтқандада осы Мұқаң болатын! Бұл ерлікке пара-пар еді! Мұндай батылдық он бес республиканың бірде-бірінен шықпаған еді! Мейлі, Прибалтика жағалаулары...мейлі Орта Азия!Бүгінгі қазақ қоғамындаекі Мұхтар бар! Бірі – Шаханов, бірі – Мағауин! Алуан критерий жағына келгенде, таразы басы бұлай бір, олай бір тартып, миды қатырып, есептен ғана емес, ақылдан да жаңылдырып жібереді! Қалай десек те, Мағауин – мықты, Шаханов – ел жүрегі! Айналып келгенде, рульдің оң мен солына айналып бара жатқандай! Түзу жолда айтарым, мықтылардың қолына су құю – бақыт! Қартайғанды қадірлемеу – өз қадіріңді қашыру, өзіңе қор ор қазу!Фейк жазарда абай болайықшы! Біреудің тағдырын келеке еткенше, қолыңнан келсе, өз өміріңді мереке ет!» - деді қаламгер.