"Келін деген сөзді естімедім әлі": Ерке Есмахан келіндік өмірі туралы айтты

0
5 255

Жақында әнші Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев некесін қидырды.


Неке қию рәсімінен кейін Ерке Есмахан Орал қаласында келіндік қызмет атқарған. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қайынатасы оны "қызым, Еркежан" деп атаған. Тіпті, сыйлық ретінде гүл берген.



Сондай-ақ әнші оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берді. Мәхрге не сұрағанын да жазды.


"Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде хотя бы біреуі болсыншы деп әппақ тұлпар сұрадым" деп жазды ол.




Ұлы мен күйеуінің қарым-қатынасы туралы сұраққа Ерке Есмахан бір-бірімен бірнеше жылдан бері таныс екенін жазды. Ұлы Муслимді мектептен алып қайтатынын да айтты.


"Ол қамқорлығын төгуде. Муслим бақытты" деп жазды әнші.


Жұлдызды жұп тойдың қашан болатынын ашық айтпады.