"Қазылар алқасы, сіздер де дайындалып келіңіздер": Димаш Құдайбергеннің анасы қазыларға өкпесін айтты

0
6 780

"Жұлдызайды танымай қалу ұят"


"Егіз лебіз" бағдарламасында бақ сынап жатқан Светлана Айтбаева қазыларға өкпесін ашық айтты. Оның бұлай айтуына қазылар алқасының мүшесі, әнші Ақжол Мейірбековтың актриса, халықтың сүйіктісі Жұлдызай Дүйсенбиеваны "Танымаймын" дегені себеп болған.


"Құрметті әділ-қазылар алқасы! Тек қана саханада өнер көрсететін, "Егіз лебізге" қатысып жатқан жұптар ғана емес, сіздер де дайындалып келіңіздер! Кімдер қатысып жатқанын біліңіздер" деген әншінің бұл сөзін оның бағдарламадағы жұбы Асхат Маемиров та қолдап, "Жұлдызайды танымай қалу ұят" дейді.


Актриса Жұлдызай ханымның өзі де Ақжол Мейірбековтың бұл сөзіне таң қалғанын оның жүзінен байқауға болады. Өйткені талай концерттер мен тойда бірге болғанын айтқан актриса "Бәлкім солай айтуы керек болған шығар" дейді.


Ал Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің жерлесі, өнердегі ағасы Ақжол Мейірбековты жақсы танитынын айтқан.


Бағдарламаны көрген көрермендер де Ақжол Мейірбековтың бұл қылығын сынап тастады. Олар "Ақжол Мейірбеков өтірік білмегендей танымайтындай болып отыр ғой, кісілігі ұстап қалған шығар", "Халықтың ерке қызын танымауы қалай?", "Света ханым дұрыс айтып отыр" деген пікірлер қалдырған.

Бөлісу