«Қанмен беріле ме деп қалдым»: Мейрамбек Беспаев ұлының шәйға құмар екенін айтып күлдірді

0
1 040

«Балабақшада да сүтшәй сұрап отырады»


«Қанмен беріле ме деп қалдым»: Мейрамбек Беспаев ұлының шәйға құмар екенін айтып күлдірді


Қазақ эстрадасының мақтынышы Мейрамбек Беспаев The_ Эфир бағдарламасында ұлының өзі сияқты шәйқор екенін айтып күлдірді. Айтуынша, өзі де кішкентай кезінде ұйқыдан тұра салып «Апа, шәәй» деп айқайлайтын көрінеді. Енді ұлы да тек сүтпен шәй ішеді екен. Тіпті, балабақшаға барғанда «Сүтшәй бар ма?» деп сұрайды екен.




– Алдында «Сиыр – менің досым» дейтін. «Неге сиыр сенің досың?» десең, «Ол маған сүт береді» деп айтатын. Сүтпен шәйді жақсы көреді. Қан арқылы келе ма? Мен де кішкентай кезімде ұйқыдан тұра салып «Апа, шәәәй!» деп апамның мазасын алатынмын. Шәйқұмар едім. Ол да сондай. Бақшаға барса сүтшәй деп отырады екен. Ұят-ай! Қазір «Қайрат Нұртас – менің досым» дегенді шығарып алыпты. Кішкентай әкесінің әнші екенін біледі. Ол Қайрат Нұртасты жүзбе-жүз көрмеген. Бәлкім, той-томалақта көрген шығар. Қазір ес білді ғой. Сөйтіп түсіріп алып Қайратқа жібердім. Қайрат та кері видео жіберді. Сөйтсе «Рахмет!» деп отыр. Таниды. Қайраттың танымалдылығы сұмдық екен дедім. Төртке толған жоқ әлі, - деді Мейрамбек Беспаев.