"Қалаулымның" орамал таққан қатысушысы жұмысқа тұра алмай жүр

0
3 391

Ару мұндай жағдайдың түсіне де кірмегенін айтады.


фото: ғаламтордан алынды

Талайды шулатқан "Қалаулым" бағдарламасының экс-қатысушысы Сұлуфан Саматқызы, басына орамал тартып, оранып жүретін болғандықтан жұмыс таба алмай қиналып жүргенін жеткізді. Бұл туралы қалаулымдық ару өзінің Instagram парақшасында жазған.

"ОРАМАЛМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСА АЛМАЙ ЖҮРМІН! Қызық, осындай жағдай болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Жұмыс уақытында, намаз оқуға рұқсат етілген, бірақ ОРАМАЛҒА РҰҚСАТ ЖОҚ! НЕГЕ?! ВООБЩЕ НЕ ЛОГИЧНО!
Эмоциям бетіме шығып тұрады. Кей адамдар жасыра алады, мен жоқ. Бірден эмоцияға беріліп кетемін. Дәл қазір не ойлап жатқанымды білесіз бе? Білмейсіз.
Ешкім жоқ жерге немесе мені ешкім танымайтын жерге барып, сәл ойымды жинақтап, айналамдағы болып жатқан дүниелерді ой елегінен өткізсем деймін. Ол үшін қайда билет алсам болды екен...? Мальдивиға ма әлде... Грузияға кетсем... Деееееп оттай бермеш, а! Қайдағы Мальдиви, қайдағы Грузия! Жұмыс жаса! Бірақ, қайда және кім болып?
!" - деп жазады қалаулымдық қатысушы.


ERNUR.KZ.