"Қайрат Нұртас Жұлдызға екінші рет сөз салды": Әнші концертінде ерекше сый жасады

0
810

Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концертіне бармағаны үшін оқырмандары Жұлдызды сынға алған еді.


Хитменнің қазір әні емес, жеке өмірі жұрттың аузынан түспейтін болған. Соңғы жылдары "Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетіпті" деген сөз желдей есіп жүр. Кейіннен екеуінің бірге екенін көрген көрерменнің көңілі басылған сияқты еді, соңғы кезде қайта басталды.

Қайрат Нұртас қахір әр қалада өзінің жеке концертін өткізіп, халыққа есеп беріп жүр. Ең үлкен кештерінің бірі Алматыда өтті. Бірақ жанкүйерлері ол кештен әншінің әйелін таба алмаған, сондықтан алаңдаушылық білдірген еді.

Ал кеше Астана қаласында өткен концертте әнші алдыңғы қатарда отырған Жұлдызға ерекше сезімін білдіріп, ән арнады.


Көпшілік бұл бейнежазбаны желіде жаппай таратып, "Қайрат Нұртас сөз салды" деп жүр. Десе де әнші мен оның жары ара қатынастары туралы нақты ештеңе айтпайды.