"Ине және майдалап қиылған жіптер жатыр": Жазира Байырбекова өзіне біреулердің қастандық жасағанын айтты

0
8 022


Ең нәзік дауысты Жазира Байырбекова өзіне біреулердің қастандық жасағысы келгеніне таң болып, өздерінің бұрын дұшпандары болмағанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

"@zhazira.salon ға біреу қағазға оралған түйіншек қалдырып кетіпті.Түйіншекті ашып көрсе ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр.Үлкендерден сұрасақ “дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті” дейді.

Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Салонға 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды?", - деп оқырмандарынан көмек сұрады.

Мұны оқыған оқырмандары әншіге өз бастарынан өткен оқиғаларды айтып, бұл заттарды суға ағызып жіберуге кеңес берген. Көпшілігі әншінің жетістігін көре алмаушылар жасады деп жорамалдапты.