Ерке Есмахан: "Жолдасым екеумізге сабыр сұраймын"

0
1 302

Ерке Есмахан Алладан сабыр мен мол бақыт сұрады.


Ерке Есмахан:

Ерке Есмахан өзінің желідегі парақшасына "Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын заман, қоғам болды ғой. Жұмысымен Америкаға барып келгенге он бросил деп жар салып, жаңалық жасап. Ұятсыздар!

"Қашан осы он бросил, россались, үйтті-бүйітті деген жаңалық шығармыз екен деп, армандап күтіп жүрген қара ниетті адамдарға айтарым! Аллаға тапсырдық сендерді, әр қисық сөз арам ой жазғандарыңыз үшін өздеріңіз жауап берерсіздер!

Алла сабыр және мол бақыт берсін жолдасым екеумізге" деген жазба жариялады.

Оның бұлай ашынып жазба жазуына желідегі жалған ақпараттардың көп таралуы себеп болған. Жақында ғана Ерке Есмаханның жас күйеу жігіті Райм АҚШ барып, концерт беріп келген еді. Ал ақпарат желілерінде "Райм Еркені тастап кетті" деп таратқан.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі Ерке Есмахан жас әнші Райммен неке қидырған еді.