Ерке Есмахан: "Ақыл айтуға келгенде қазақтарды тоқтата алмайсың!"

0
1 153

Көпшіліктен кеңес сұраған әнші осылай деп ақтарылды.


Ерке Есмахан:

Осы жылдың ең жиі жазылған жаңалығының басты кейіпкерлері - Ерке мен Райм. Олардың әндерінен бөлек, сөйлеген сөздері де тез таралады. Кеше Ерке Есмахан өзінің салмақ қосып алғанын, бірақ жолдасының тым қатты азып кеткенін айтып желідегі оқырмандарынан кеңес сұраған еді.

Оның айтуынша, жарының салмақ тастауына үйленген кезіндегі стресстер, гастрольдік іс-сапарлар әсер еткен.


Еркенің "Қалай семіртем?" деген сұрағына оқырмандары жарыса жауап бергенге ұқсайды. Өйткені көп ұзамай ол өз парақшасына төмендегідей жазба жариялады.