"Екі жасымнан бастап эпилепсиямен ауырдым": Индира Расылхан құпиясымен бөлісті

0
5 053

"Керегімді жасамаса талма ауруы ұстап қалып, тілім артқа кетіп қалатын болған екен" - дейді әнші.


Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Индира Расылхан өз өміріндегі қызықтар мен қиындықтар туралы оқырмандарымен бөлісуді жөн көріпті. Ол үшін оқырмандарынан алдымен рұқсат сұраған әнші, бүгін балалық шағы туралы жазып, көпшіліктің көзіне жас үйірді.

Өйткені ерке болып өскен қыз, екі жасынан бастап аурумен алысқан екен. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде "МЕНІҢ ӨМІРІМ-1. БАЛАЛЫҚ ШАҚ. Әркімге өз өмірі бір дастан. Бүгіннен бастап балалық шақтан қазіргі күніме дейінгі есте қалған қуанышты және қиналған сәттерімді әңгімелеп жазсам деген оймен БЕНЕФИСІМДІ бастайын. Менің оқырмандарыма қызықты болар деп ойлаймын" деп басталатын жазбасында айтады.



Индира Расылхан: "1977 жылы желтоқсанның 5-і күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданында, Қолтөған ауылында дүниеге келдім. Маған дейін екі әпкем бар. Үш қыздың кенжесімін.
Анамның айтуы бойынша, анамды босандырып алған келіншек, менің кіндігімді кескен акушер келіншектің әдемі болғандығы соншалық, мені сол кісіге ұқсаған әдемі болса екен деген тілегі де болған екен. ( менің әдемі болуымның сыры осы десең да)
Сол кезде Анашым бір өлімнен қалғандығын айтып отырады.

Екі жасымнан бастап мен эпилепсиямен ауырыппын. Менің ерке болып өскендігімнің бір себебі де осы ауырғандығым еді. Ренжітуге, ашуландыруға болмайтын болған. Керегімді жасамаса талма ауруы ұстап қалып, тілім артқа кетіп қалатын болған екен. Ауылда орыс дәрігер болатын. Соған апарғанда, 5 жасқа толғаннан соң талмасы қояды деп айтқан екен. Бәлкім анам сол сөзге расымен де сенген бе екен, менің ауруымнаниайығатыныма күмән болмаған ба екен, Алланың қалауымен мен ол аурудан 5 жастан асқан соң толық жазылыппын. 3 жасымнан бастап көп әндерді ыңылдап, ырғағына салып айтып жүреді екенмін.
Себебі менің анам мен әкем де ауданның белді әнші жастары болған.

6 жасқа келгенде атам үнемі менің әнші болатындығымды айтып отыратын.
"Менің қызым жұлдыз болады, менің қызым елге танымал әнші болады” дейтін. Санама Атамның тілегі мен қалауы орын алған ба екен, сол кезден жұлдыз болуды армандай бастадым.
6- жасымда ең алғаш домбыраны атам ұстатқан еді".

Әншінің бұл сырларын оқыған оқырмандары оған қызығушылық танытып, әріқарай да жалғастыруын сұраған. Сондай-ақ олар әншіні сахнадан көргісі келетіндіктерін айтып, сағыныштарын жеткізген.