«Бүлікші блогерді тоқтатайық!»: Мұхамеджан Тазабек «қазақ қыздарын қорлаймын» деген ресейлік блогерге қарсы шықты

0
1 084

«Қайдасың коменттің командирлері?!»


«Бүлікші блогерді тоқтатайық!»: Мұхамеджан Тазабек «қазақ қыздарын қорлаймын» деген ресейлік блогерге қарсы шықты

Дінтанушы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек «Алматыда қазақ қыздарын қорлайтын семинар өткіземін» деп айды аспанға бір-ақ шығарған Алекс Лесли атты ресейлік блогерге қарсы шықты.


«Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды...

Ішіп-жеген, жатып-тұрған хайуаннан қандай айырмашылығымыз бар?!

Біздің бүкіл энергиямыз бен мінезіміз өзара қырқысқанда ғана керек сияқты...

Бірі-бірімізге тісіміз пышақтай, қолымыз қанжардай...

Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз...

Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!»
- деп жазды Мұхамеджан Тазабек.



Желідегілер қоғам қайраткерінің пікіріне қосылуда.


«Өзін зорлап, Қазақстаннан безіп, жоламайтындай ету керек бұл сорлыларды. Шекараны айқара ашып аузын ашып кіргізіп қайда қарап отты өкімет? @__tokayev__online__ бұл бассыздықты құрту керек, өзге ұлттың иті де, биті де келіп билік еткенін», «Келсін, келсін, ұсталған жерде аяқ қолын байлап қазақы алабайға зорлатамыз бұйыртса», «Қазақтың жігіттері ояныңдар», «Самолёттен түсірмей, үйіне қайтарып жіберетін ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ шығатын шығар, егер намыстары болса», «Қазақ жігіттері намыс қайда??? Қазақ қызына тіл тигізуге жол жоқ, жол бермеңдер! Қыз бала, анаң, қарындасың, қызың, келіншегің, қорға намысты! Оян қазақ!!! Аузына келгенді көкуге жол бермеңдер! Қазақ батыр, нар, мен деген азаматтарымыз осындайда қорға қазақ қызының намысын!» деп жазып жатыр.