"Батып кетпейтін шығармын...": Мадина Сәдуақасова жаңалығымен бөлісті

0
971

Ол бұл шешімге жанкүйерлерімен ақылдаса отырып, келген.


Соңғы кезде түрлі образдарымен көпшіліктің талқысына жиі түсіп жүрген Мадина Сәдуақасова енді ТИК ТОК желісінде видео түсірмек.

Бірнеше күн бұрын оқырмандарынан "Айтпақшы, Тик Ток әлеміне кірсем , қалай? Қызық па ол жақ?" деп сауал тастаған еді. Бүгін "Көп ойланбай , Сіздермен ақылдаса отырып Тик Токқа сүңгіп кіріп алдым. Батып кетпейтін шығармын. Видео жүктеймін, Инстада қайталанбайтын" деді әнші.


Оның жаңалығын естіген желі қолданушылары да өз пікірлері мен қолдауларын аямай жеткізіп жатыр. Олар "Тик Токтың Төріне Тапжылмай жайғасыңыз! Жақсылап еш кедергісіз жүзуіңізге тілектеспін! Қайығыңыз ең бастысы мықты болса, батпайсыз. Тұрақты жолаушысы болыңыз!", "Мадина өте әдемісіз, тик токты жарыңыз! Кіріп қарап тұрамыз. Ол жақта басқаша енді, неше түрлі адамдар бар. Сәттілік" деген сынды пікірлер жазуда.