"Бәрібір сен менің жанымдасың": Қайрат Нұртастың сөзі оқырмандарын алаңдатып қойды

0
6 066

Әнші мұның өз өміріне қатысы жоқ екенін айтқан.


"Жеке өміріме еш қатысы жоқ ән" деп жаңа әнін жарияламастан бұрын, хитмен ақталған болды.

Жақында "Жаным" деген жаңа хитін әлеуметтік желіге жариялаған Қайрат Нұртас "Көптен күткен әндеріңіз "Жаным" қабыл алыңыздар. Жеке өміріме еш қатысы жоқ ән" деп соңғы сөйлемді де қыстыра кеткен. Десе де "Ұрының арты қуыстың" кейпі емес пе дегендей, көп тыңдармандары оның бұл сөзінен сезіктеніп қалған сыңайлы.



Өйткені олар "Шынымен Жұлдызға арнаған сияқты", "Бұл әннің кейіпкері әйелі ғой" деген сынды пікірлерін жазған. Сондай-ақ тыңдармандары әнді бірден ұнатып, хит болуға лайық екенін жеткізіпті.