"Бәрі кеш еді": "Келін" фильміндегі актриса әйелдерге дабыл қақты

0
5 011


"Келін" фильмі арқылы жақсы таныс актриса, қазір белгілі кәсіпкер Гүлшарат Жұбаева әйелдерге үндеу жасады. Ол зорлық көрсеткендерді көріп тұрып, байқамаған болғаны үшін өкінетінін айтқан. Қыздарға "дұрыс таңдау жасау керек" деген актриса бұл ойларымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Гүлшарат Жұбаева: "Соңғы кезде тұрмыстық зорлық зомбылықтан жапа шеккен әйелдері көп көріп, есітіп жүрміз. Тіпті кейбірі ажал құшып, балалары жетім қалса да, селк етпейтін жағдайға жеткендейміз. Мұндай әйелдер арамызда өте көп. Олар көмек сұраса "Ер мен әйел арасына есі кеткен түседі" деп араласқымыз келмейді. Заң жүзінде де, бұл жағынан ақсап тұр. Өкінішке қарай жақын араласып жүрген таныстарымның да, басынан өткен еді мұндай жағдай.
Кеін дер кезінде дабыл қақпағанымызға өкініп қалдық. Бірақ бәрі кеш еді.
Құрметті бойжеткен өміріңдегі СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ, СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ екенін ұмытпағайсың. Тұрмыс құрудың жөні осы екен деп, өзіңді сыйламайтын, сүймейтін адамға бас қосудан аулақ болғайсың. Алла саған жар болсын жарқыным!"

Актрисаның бұл сөзін оқыған оқырмандары оның пікірін қолдап, қыздарға өз құқықтарын қорғай алуы керектігін жазуда.