"Ажырасамын деп қорықсаң 10 мың теңгеге курс сатып ал": Мұхаммеджан Тазабеков қыз-келіншектерге семинар өткізбек

0
663

Айтыскер ақын, медиаменеджер Мұхаммеджан Тазабеков қыз-келіншектерге арналған семинар өткізбек.


Бұл туралы айтыскер өз парақшасында жариялады. Семинар барысында қыз баланың қарым-қатынасынан бастап тұрмыс құру, ене мәселесі, ажыраспау туралы тақырыптар қамтылған. Семинар құны - 10 мың теңге.



Алайда "Қыз және орта", "Қыз және қазіргі заман", "Қыз және қайынжұрт" тақырыпшаларына бөлінген семинар желі оқырмандары арасында қызу талқыға түсуде.

"Бұл өзі шетелде жүр емес пе?", "Аңқау елге, арамза молда", "Шынымен осындай семинар өтіп жүрсе, ұят екен" деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.