«Артық сөз айтпадым»: Белгілі сазгер әнші Нұржан Қалжанды сотқа беретінін айтты

0
1 237

«Әнім» деп айтқан бір ауыз сөзге бола жазықты болдым ба?!»


«Артық сөз айтпадым»:  Белгілі сазгер әнші Нұржан Қалжанды сотқа беретінін айтты

Танымал эстрада әншісі Нұржан Қалжанның репертуарындағы ерекше тартымды «Бұлбұл құс» әнінің төңірегінде дау шықты. Біраз жылдан бері сахнадан көрінбей кеткен әншінің шығармашылығы шиеленісіп жатқанға ұқсайды. Бұл туралы өнер иесі nege.kz сайтына берген сұхбатында бүге-шігесіне дейін айтып беріпті.


Нұржан Қалжанның айтуынша, даудың басы «Бұлбұл құс» әні – менің баламдай» деп айтқан бір ауыз сөзден шығыпты.


Бір отандық арнаның эфирінде сұхбат алған екі журналистің бірі әңгіме арасында «Бұлбұл құс» әні сіздің балаңыздай болып кетті ғой» деген еді. Мен де тосылмастан, аталған ән арқылы жұлдызым жанған соң, «иә, баламдай ғой» деп олардың сөзін қоштадым. Себебі, «Бұлбұл құс» арқылы талай концертке шақырту алып, талай жиын-тойда өнерімді паш еттім. Тіпті, мені көшеден көріп қалған жұрт та аты-жөнімді атамастан: «Сен әлгі «Бұлбұл құс» емессің бе» деп жатады.

Содан соң менен бұл әнді 91-тобының бір солисі «Хабар» арнасындағы «Cover Show» бағдарламасында орындауға сұраған еді. Жастар ескі әнге жаңа дем бергісі келсе, одан неге бас тартайын деген ниетпен қарсы емес екенімді білдірдім.

Осы сөздерім үшін әннің авторы Ахметжан Рабжан мен ол кісінің продюсері «Әнді «баламдай» деп айтатындай және өзгеге орындауға рұқсат беретіндей сен кімсің?» дегенді айтып жатыр.

Әлеуметтік желі арқылы бейнеүндеу жолдап кешірім сұрамасам, заң алдында жауап беретінімді ескертті, - дейді әнші.


– Ал сіз кешірім сұрауға дайынсыз ба?


Кешірім сұрайтындай «әннің авторымын» немесе «сазын да, сөзін де өзім жаздым» деген сынды артық сөз айтқан жоқпын ғой. «Әнім» деп айтқан бір ауыз сөзге бола жазықты болдым ба?!

Мәселен, сіз де қандай да бір әншінің туындысына сүйіспеншілік танытсаңыз, оның авторларын тізбектеп жатпай, бірден «сіздің мына әніңіз ұнайды» деп айтасыз ғой. Ауызекі тілде солай қысқа сөзбен жеткізіп үйреніп қалғанымыз жасырын емес қой. Оның үстіне «Бұлбұл құс» әнін айтқан барлық эфирде титрға міндетті түрде авторын жазғызамын. Орындаушы ретінде өз аты-жөнімді ғана көрсетіп, ол кісіні қалыс қалдырған кезім болған емес, - деп жауап берді Нұржан Қалжан.


Ал әнші мен сазгер арасындағы шиеленістің нүктесі қашан қойылатыны уақыттың еншісінде.