Алтынбек Қоразбаев: "Мейрамбекке қыздардың қарғысы тиген"

0
7 082

"Мархаббат келіннің құлағына алтын сырға..." деген ұстазы шәкіртінің сырқаты туралы айтты.


Алтынбек Қоразбаев:

Қазақстанның Халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев өзінің шәкірті Мейрамбек Беспаевтың аурумен алысқан кезін есіне алып, оның ауруына не себеп болғанын айтты.

Ұстаздың айтуынша, Мейрамбек Беспаевқа көз тиген, не ғашық қыздардың қарғысы өткен екен.

Алтынбек Қоразбаев: "Мейрамбекке ғашық қыздар көп болды. Кім Мейрамбекке ғашық болмады?! Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды білесіздер ғой. Қатты ауырды, қатты ауырғаны сондай 80 килограмнан 60 келіге түсті. 20-25 келіге түсті. Елдің бәрі әртүрлі ауруды айтып, зоб екен деп қай-қайдағыны айтты. Жоқ! Оған көз тиген немесе жасыратыны жоқ, Мархаббат келіннің құлағына "алтын сырға" қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген!".

Бұл видеоны көрген желі қолданушылар сүйікті әншілері туралы жақсы пікірлер айтып, қайта ауырмауын тіледі.

Десе де кейбірі "Қарғысы несі, құрысын! Не дейді, мына кісі? Көз демей ме ең болмаса" деген наздарын де айтып жатыр.