"Ақбота-Нұр мен Дәурен Айдарқұлов қайтадан бірге ме?": Ерлі-зайыптылар бірге Меккеге аттанды

0
1 534

Әнші Ақбота-Нұр мен Дәурен Айдарқұлов қайтадан қосылған.


Олар отбасымен бірге Мекке қаласына аттанды. Бұл туралы Ақбота-Нұр әлеуметтік парақшасына жариялады. Суреттен Дәурен Айдарқұловтың қарындастары мен туыстарын байқауға болады.


"Алла өзінің үйіне қонаққа шақырды. Аллаға сансыз шүкір" деп жазған әнші.


Ал ерлі-зайыптылармен түскен суретін әншінің директоры Гүлнұр Серікбай өз парақшасына жариялаған.



Желі оқырмандары арасында бұл жұптың бейнежазбасы да таралып, талқыға түсті.