Айгүл Иманбаева тікелей эфирде пластикалық ота жасатты (видео)

0
1 489

"Шай ішіп отырғандай әңгіме айтып отыр ғой" деп таң қалысты оқырмандары.


Айгүл Иманбаева тікелей эфирде пластикалық ота жасатты (видео)

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева қабағына блефароплстика жасатты. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жариялады.

Тіпті әнші ота жасалып жатқан кезде желіде тікелей эфирде болды. Алматы қаласында ота жасатқан ол бұл қадамға көп ойланып келгенін жазады.

Айгүл Иманбаева: "Менің өнердегі жұлдызды құрбыларымның біразы Айнада пластикалық операциялар жасатқан. Неше жыл бойы жүрексініп келіспей ,енді шешім қабылдап, бүгін келдім".



Бұл эфирді көрген оқырмандар оның ота кезіндегі батылдығына таң қалған. Себебі әнші бір сағаттан аса болған эфирде еркін сөйлеп, қиналғанын білдірмеген.

Ал кейбір оқырмандары оның мұндай қадамға барғанын дұрыс көрмей, түрлі теріс пікірлерді де жазыпты.