"Әйеліме ренішім жетеді": Бейбіт Қорған әйелінен бөлек тұратынын айтты

0
1 942


Белгілі әнші Бейбіт Қорған әйелінің төркініне кетіп қалғанын айтты, бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында баяндаған.

Жүргізушінің "Әйеліңіз төркініне кетіп қалды" деген сөзіне әнші, "Иә, төркініне кетіп қалды. Оның қашан қайтатынын білмедім. Қайтпайтын да сияқты. Ұзаққа кеткен сияқты ғой. Әйеліме деген ренішім жетеді. Қайын жұрттың араласқаны дұрыс емес. Егер араласуға үйреніп қалған болса, өздері үшін өздері араласа берсін. Маған көрсетпей-ақ қойсын. Қазір айырылысып үйлене салу сәнге айналып кетті ғой. Қоймай жатса біз де солардың қатарына кірерміз" деп жауап берген.

Өзінің мінезі мен болмысы туралы айтқан әнші, әйеліне өкпесі жоқ екенін де айтады.


Бұл бағдарламаны көрген әншінің жанкүйерлері ол үшін алаңдаушылық білдіріп, "Бейбіт жерлесім өзіңнің әйеліңе жетпейді. Балаларыңды ойла!", "Ер жігіттің басына не келіп,не кетпеген... Бәрі жаксы болады...", деп қолдау білдірсе, тағы бір тарабы оны кіналаған.